Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіпсіздік мақсатында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіпсіздік мақсатында «Өткізу және объект ішіндегі тәртіпті жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ұлан аудандық сотының сот төрағасының м.а. А.Нұрғазин,  кеңсе меңгерушісі Н.Кисыкова, Ұлан аудандық прокурорының прокуроры Д.Татимбеков, Қасым Қайсенов кентінің ӨС-34 бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Бидахметов, ШҚО МКҚБ полиция және техникалық қызметті ұйымдастыру бөлімінің инженері полиция майоры С.Омарбаев, ШҚО МКҚБ 1-ТБ командирінің орынбасары полиция капитаны А.Байқуанышев, ШҚО МКҚБ 1-ТБ звод командирі полиция аға лейтенанты М.Зейнолланов қатысты.

Іс-шара аясында  өткізу және объект ішіндегі тәртіпті жетілдіру және заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу туралы сұрақтар талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар талқыланған сұрақтар бойынша өз пікірлерімен алмасып, осы тұрғыда бірлескен ұсыныстарын ортаға салды.

 

Ұлан аудандық сотының

баспасөз қызметі