Архив событий

31/08/2016

Сотпен көлік салығы бойынша борыш өндірілді

31/08/2016

Бесқарағай аудандық соты «Бесқарағай  ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің борышкерге қатысты 40 670 теңге көлеміндегі көлік салығы бойынша борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.

Борышкердің атына жеке меншік ретінде ВАЗ 2121 маркалы автокөлігі тіркелген. Ол 2014 жыл үшін 40 670 теңге көлемінде көлік салығын төлемеген. Арызданушы борышкерге өз еркімен борышты төлеу туралы ескерту жіберген. Алайда, салық бойынша борыш төленбегендіктен, өндіріп алушы сотқа жүгінді.

Еңбек ақы өндірілді

31/08/2016

Семей қалалық сотымен еңбек ақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

С.Бекенов жауапкер «Теплоприбор» өндірістік кооперативіне талап арызбен сотқа жүгініп, өз арызында 1996 жылы инженер-механик қызметіне қабылданғанын, 2012 жылдың сәуір айында қызметін тоқтатқанына байланысты жұмыстан шығарылғанын, еңбек ақы бойынша қарыз сомасы 752 000 теңгені құрағандығын көрсеткен.

Риддер қалалық сотында жаңа тағайындалған судья таныстырылды

31/08/2016

Шығыс Қазақстан Облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ерғали Орынбекұлы Айтпай  сот ұжымына жаңадан  тағайындалған судьяны таныстырды.

Риддер қалалық сотының төрағасы м.а. М.Тоқжанов пен кеңсе меңгерушісі З.Алғабек қонақтарға  ең алдымен  сот ғимаратын таныстырды. 

Семей қалалық сотында жаңа судья таныстырылды

31/08/2016

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Любичанская жаңадан тағайындалған судья Қ.Сыздықовты таныстырды.

Сыздықов Қанат Сайлавбайұлы 1981 жыдың 9 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласының тумасы. 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық аң университетін бітірген.

Сотқа құрметтемеушілік білдіру әкімшілік жазаға әкеп соғады

31/08/2016

Семей қалалық сотымен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен үшін әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарылды.

Қаулы «Семей қаласы бойынша наркологиялық диспансері» ШЖ ҚКМК-нің Х.Махмұтовты маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы азаматтық істі қарау барысында шығарылған. Х.Махмұтов сотқа алкоголь иісімен келіп, осы әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Күршім ауданының № 2 сотында «Заем туралы дауды реттеу нормалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31/08/2016

Күршім ауданының № 2 сотында «Заем туралы дауды реттеу нормалары» тақырыбыңда «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған «дөңгелек үстел» жұмысына нотариус және адвокат қатысты.

Дөңгелек үстел барысында судья С.Жүніспекова бұл санаттағы істер бойынша сот іс-тәжірибесінің мәселелері Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Азаматтық кодексімен (ерекше бөлім) реттелетіндігі жөнінде кеңінен түсіндіре келе, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.

Сотпен медиативті келісім бекітілді

31/08/2016

Глубокое аудандық соты азаматтар арасында медиация институтын кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сот талқылауын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріледі.

ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеу) бойынша көзделген құқық бұзушылық жасағаны  үшін К.Жанұзаковқа қатысты әкімшілік іс бойынша тараптар арасында тағы бір дау медиация тәртібімен шешілді.

Жеке айыптау бойынша іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/08/2016

Семей қаласының № 2 сотымен  жеке айыптаушы С.Цвенгерға қатысты жеке шағымы бойынша жеке айыптау тәртібімен ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші өзінің жеке шағымында айыпталушы С.Цвенгер, оған балағат сөздер айтып, жеңіл түрде қасақана дене жарақаттарын келтіргенін мәлімдеген. Осыған байланысты С.Цвенгерді ҚР ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сотқа шағым түсірген.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

31/08/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат Б.Середаға  қатысты әкімшілік іс қарады.    

Ерлі-зайыптылар арасында медиациялық келісім жасалып, азаматтық іс қысқартылды

31/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талап арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ бес балаларының барын, жауапкердің жанұяға қарамайтынын, балаларды тәрбиелеумен айналыспайтынын, жұмыс істемейтінін, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып,  некелерін бұзуды сұраған.

Сотта тараптар судья медиатордың араласуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, ерлі-зайыптылар соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Алкогольдік масаң күйінде көлікті жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

31/08/2016

Семей қаласының № 2 сотымен ҚҚ 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша Т.Таурбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Атыс қаруын заңсыз сақтаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды

31/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287 бабының, 3 бөлігі (атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша азамат М.Қожаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарынан, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізуі барысында азамат М.Қожаев ТОЗ-16 маркалы, калибрі 5,6 мм, иір ойықты атыс қаруын заңсыз сақтап жүргені анықтаған.

Ұлан ауданының № 2 сотында медиатордың көмегімен анасымен ұлы татуласты

31/08/2016

Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБК-нің 73-бабының, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  А.Климовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы үйінде алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, өзінің анасына былапыт сөздер айтқан.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, сотқа бітімгершілік келісімін ұсынған.

Сот темекі тұқылын тастағаны үшін қамаққа алу жазасын тағайындады

31/08/2016

Бесқарағай аудандық соты азамат К.Гейдеға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай,  азамат К.Гейде Бесқарағай ауылының орталығында, қоғамдық орынды ластап, темекі тұқылын тастаған. Осы әрекетімен ол қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық танытты.           

Қорғау нұсқамасын бұзған

31/08/2016

Бесқарағай аудандық  соты ӘҚБтК 461-бабы (қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша Е.Ивановқа қатысты әкімшілік іс қарады.                                                     

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы үйінде жұбайына қарсы алкогольдік масаң күйде, балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзған.  

Сот қаулысымен Е.Иванов  ӘҚБтК 461-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.                                 

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

31/08/2016

Семей қаласы № 2 сотымен сотқа берілген ҚК 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша В.Тайшыбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында  анықталғандай, полиция қызметкерлері сотталушыны ұстаған  кезде, ол өзімен есірткі зат «героинды» өткізу мақсатынсыз иемденіп сақтап жүрген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/08/2016

Глубокое аудандық соты ҚК 131-бабы 1-бөлігі (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) бойынша Ф.Халеловаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы жағымсыз қатынастағы өзінің көршісіне қатысты дөрекі былапыт сөздер айтқан.

Сот мәжілісі басталмас бұрын, жәбірленуші сотталушымен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жас судьялар ант қабылдады

31/08/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған жас судьяларының салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 17 тамызындағы  № 65 Жарлығымен  судья қызметіне: Өскемен қалалық сотының судьясына Асем Зайсанбаева, Катон-Қарағай аудандық сотының судьясына Нұрлан  Нұрсапинов, Риддер қалалық сотының судьясына Жанар Тасубаева, Семей қалалық сотының судьясына Қанат Сыздықов тағайындалды. 

Семей қаласының ювеналды сотында «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында семинар өтті

31/08/2016

Семей қаласының ювеналды сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында семинар өтті.

Сот төрағасы Р.Ақпар өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Конституцияның маңыздылығы мен басты рөлі жөнінде кеңінен атап өтті.