Архив событий

03/08/2016

Есірткіні сақтағаны үшін сотталды

03/08/2016

Риддер қалалық сотымен Қылмыстық кодекстің 296 бабының, 2 бөлімімен (есірткі заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа берілген М.Моторинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, М.Моторин өз пәтерінде сату мақсатынсыз 5,06 грамм «кептірілген мариухуана» есірткі затын заңсыз сақтаған.

Риддер қалалық сотының үкімімен М.Моторин Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

03/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434- бабының, 1- бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет)  азамат С.Тұрланбаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03/08/2016

Катонқарағай аудандық сотында сотында «Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге ІІБ-нің қызметкері К.Абенов, Ж.Смагулова, адвокаттар алқасы өкілдері Б.Құсаинова, Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы А.Нурсеитов, Үлкен Нарын ауылдық округ әкімдігінің  бас маманы   Т.Айдарбаева қатысты.

Тараптардың татуласуы

03/08/2016

Курчатов қалалық сотында азамат Б. Литяевті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс қаралды

03/08/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің  99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған О.Дорофеевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Күршім ауданының №2 аудандық сотында ақпарат алмасу сұрақтарына арналған дөңгелек үстел өткізілді

03/08/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың кейбір сұрақтары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

«Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03/08/2016

Глубокое аудандық сотында судья И.Рахметовамен Глубокое АІІБ қызметкерлерінің, сот мамандарының қатысуымен «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья И. Рахметова өз баяндамасында гендерлік саясаттың басты бағыттарын, атап айтқанда, отбасындағы міндеттер мен құқықтарды тең атқаруға жағдайлар жасау жөнінде айтты.Тәжірибеге сәйкес, отбасында және физикалық тұрғыда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрі кең тараған.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

03/08/2016

Курчатов қалалық сотында азамат С.Юсовты Қылмыстық Кодексінің 188-бабының, 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан,  С.Юсов жәбірленушінің ұялы телефонын жасырын ұрлап алып, оған  10 000 теңге материалдық шығын келтіргендігі анықталды.

Сот отырысында медиатордың қатысуымен сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Қоғамдық жұмыстарға тартылды

03/08/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат Е.Адияновты ҚК-нің 346-бабының, 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды. 

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 93 материалдар қарады

03/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылғы 1 жартыжылдығында 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 93 материал қарады.  

Сотта, аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарымен белгілі бір тұрғылықты жерлері жоқ, ешбір жерде жұмыс істемейді, кездейсоқ және уақытша табыспен және олардың баспаналары болмағандықтан қанғыбастық өмір сүретіндіктері анықталды.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

03/08/2016

Шығыс-Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат  В.Литяевті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әре