Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 93 материалдар қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылғы 1 жартыжылдығында 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 93 материал қарады.  

Сотта, аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарымен белгілі бір тұрғылықты жерлері жоқ, ешбір жерде жұмыс істемейді, кездейсоқ және уақытша табыспен және олардың баспаналары болмағандықтан қанғыбастық өмір сүретіндіктері анықталды.

Сот қаулысымен 93 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу түрінде жеке басын анықтағанша дейін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қабылдау-тарату мекемесінде ұстау жазасы қолданылды.  

Жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты, оның әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері болмаған және оның жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде, жеке қолданылатын профилактика шарасы болып табылады. Жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеуді соттың санкциясымен ішкі істер органдары қолданады және адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімге уақытша оқшаулаудан тұрады.

 

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі