Архив событий

08/08/2016

Риддер қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

08/08/2016

 Риддер қалалық сотымен Риддер қоғамдық келісім Кеңесімен бірлесе отырып, медиация күніне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға Риддер қалалық сотының төрағасы Адаспаев Т., Риддер мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы м.а. Дремлюх Т., Риддер қоғамдық келісім Кеңесі төрағасы Эсенова А., кәсіби медиаторлар Манакова Л., Данилова М., қоғамдық медиатор Паткульдинов Д., отставкадағы судья Баекенова Ж. қатысты.

Курчатов қаласындағы «Нұр Отан» партиясының бөлімшесінде «Медиация күні» республикалық акциясы өтті

08/08/2016

Курчатов қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының конференц залында «Медиация күні» республикалық акциясы, сондай- ақ Достық үйінің жанындағы медиация кабинетінде ашық есік күні өткізілді.

Аталмыш іс- шараға құқық қорғау органдарының, Курчатов қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Курчатов қалалық әкімдігінің білім беру бөлімінің, Курчатов қалалық әкімдігі аппаратының заң бөлімінің өкілдері, қала тұрғындары және Курчатов қалалық сотының судьясы Рауясова Э. қатысты.

Қоғамдық орынға масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алынды

08/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабы, 4 бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат С.Ақшаловқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мүлікті бөлу туралы азаматтық істе тараптар медиация тәртібімен келісімге келді

08/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талапкер жауапкермен 2011 жылдан бастап заңды некеде тұрып, олардың бірігіп сатып алған ортақ мүлкін бөліп беруді сұрады.

Тараптар судьяның қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізіп, ортақ мүлкін сатылғаннан кейін талапкерге ½ бөлігін қайтарып беру жөнінде келісімге келді.

Тарбағатай аудандық сотымен жүргізушіге айыппұл салынды

08/08/2016

Тарбағатай аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша азамат Қ.Қодаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Медиация күні» республикалық акциясы

08/08/2016

Қазақстан Республикасының «Медиация күніне» орай, Үржар аудандық сотының медиация кабинетінде  Үржар аудандық соты мен Үржар ауданы әкімдігі аппараттымен бірлесіп ұйымдастырылған «Медиация күні» атты тақырыпта ашық есік күні өткізілді.  

«Медиация күні» республикалық акциясының аясында «Ашық есік күні» өткізілді

08/08/2016

Медиация институтын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Медиация күні» республикалық акциясының аясында Глубокое аудандық сотының судьяларының, отставкадағы судьяның, Глубокое ауданының әкімінің, кәсіби емес медиаторлардың, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің, «Нұр-Отан» ХДП өкілдерінің, «Достық үйінің» қызметкерлерінің, БАҚ-ның өкілдерінің қатысуымен медиация кабинетінде «Ашық есік күні» өткізілді.

«Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/08/2016

Көкпекті аудандық сотының судьясы Н.Жаныбекованың бастауымен «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға аға сот орындаушы С.Қарымсақ, прокуратураның өкілі А.Орақбаев және БАҚ-ның өкілі К.Қайыпжан қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында судья Н.Жаныбекова сот актілерінің орындалу мәселелеріне баса назар аударды. Сот шешімдерінің қаншалықты тез және сапалы орындалуына байланысты, азаматтардың соншылықты сот жүйесіне деген сенімі болатындығы жөнінде айтып өтті.  

Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/08/2016

ШҚО Глубокое аудандық соты ҚК-нің 293 бабының, 1 бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық  жауапкершілікке тартылған Е.Белозеровқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарынан, Е.Белозеров алкогольдік масаң күйінде қоғамды құрметтемеу анық көрінетін бұзақылық, яғни, А.Ружинскийге қатысты былапыт сөйлеп, себепсіз мұрнының тұсынан жұдырықпен бір соққы жасаған, салдарынан жәбірленушіге моралдық және дене жарақаттары келтірілген.

«Төрелік» жүйесінде электрондық атқару құжаттарын жолдау мәселелері бойынша семинар өтті

08/08/2016

Глубокое аудандық  сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. Ж.Еренбақов сот мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, сот бұйрықтарын орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізді.

Ж.Еренбақов «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот өндірісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуге назар аудартты.

Сот үкімін орындамағаны үшін сотталды

08/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 430 бабының, 1 бөлігімен (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) айыпталған С.Бесеновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында  С.Бесенов 890 000 теңге қарызды және 4 450 теңге мемлекеттік бажды өндіру бойынша сот актісін орындамағаны анықталды. 

Үржар ауданының №2 аудандық сотында «Медиация - дауларды реттеудің балама тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/08/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында  «Медиация - дауларды реттеудің балама тәсілі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел шарасына Үржар ауданының кәсіби емес медиаторлары, БАҚ-ның өкілі және сот қызметкерлері қатысты.

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

08/08/2016

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқару өндірісінің мәселелері» тақырыбында сот төрағасы Т.Жұмагелдиннің төрағалық етуімен  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Осы дөңгелек үстелге «Өскемен қаласының Әділет басқармасы» ММ-нің басшысының орынбасары Р.Нұрсадықова, Өскемен қаласының № 2 сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің жетекшісі М.Қазақпаев, «Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасы» басшысы  м.а. А.Жаякишев, және жеке сот орындаушылары қатысты.

«Шаңырақ» медиация орталығында «Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/08/2016

«Шаңырақ» медиация орталығында «Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға ШҚО МАЭС судьялары Сейлгазинова А., Салимов А., Ибраева Н., «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Абдрахманова Е., медиатор Иксанов Т. қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында медиация институтын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді

08/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотында медиация рәсімін қолдану мәселелеріне арналған кездесу өткізілді.

Өткізілген іс-шараға судьялар: М.Аргимберде, А.Танекенова, ШҚО бойынша «Ұлттық медиаторлар палатасының» директоры М.Дячук, Өскемен қаласының прокуроры С.Нұрпеисов қатысты.

Көлік басқару құқығынан айрылған азамат жол полициясы қызметкерінің заңды талабын орындамаған үшін қамауға алынды

08/08/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 бабының, 7 тармағында қарастырылған құқық бұзушылық, жол полициясы қызметкерiнiң белгiленген тәртiпке сәйкес алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiн куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған үшін Семей қаласының тұрғыны К.Темірбеков 20 тәулікке бас бостандығынан айырылды.

Медиаторлар марапатталды

08/08/2016

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданған күні қарсаңында Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы өңірдегі медиация институтын дамытуда  әрбір медиатордың қосқан еңбегі мен үлесі өте зор екендігін атап өтті.

2016 жылдың өткен кезеңінде сотпен 6 қылмыстық, 5 азаматтық және 16 әкімшілік істер тараптардың медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты аяқталған.

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен реттелді

08/08/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының, 1 бөлігімен  (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) Б.Сағидолдинаға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Медиация күні» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті

08/08/2016

Күршім аудандық соты Күршім аудандық әкімдігінің ғимаратында  «Медиация күні» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға Күршім ауданының кәсіпқой емес медиаторлары, Күршім ауданының әкімінің орынбасары, Күршім ауылдық округінің әкімі, Күршім АІІБ-нің өкілі, Күршім ауданының мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация –қоғамдық келісім» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

08/08/2016

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылдану күні қарсаңында, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде «Медиация күні» республикалық акциясын өткізу жоспарланған. Осыған орай,  Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен «Медиация –қоғамдық келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Үш әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/08/2016

Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБК 73 бабы, 1 бөлігі бойынша   әкімшілік істер қаралды, оның әрекеттері отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған деп көзделген.

Жол көлік оқиғасын жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/08/2016

Жарма ауданының  №2 аудандық сотында азамат М.Түсіповке  қатысты  Қазақстан Республикасының  Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің 610 бабы, 1 бөлігі,  яғни көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылық  туралы әкімшілік іс қаралды.

«Медиация күні» республикалық акциясы аясында «Ашық есік күні» өткізілді

08/08/2016

Жарма аудандық сотымен Жарма ауданының Мәдениет үйінде орналасқан медиация кабинетінде татуластыру рәсімдерінің тиімділігінің түсіндіру мақсатында «Медиация күні» республикалық акциясы деңгейінде «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шарасына «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалының бірінші орынбасары Б.Жалдықадыров, жеке кәсіпкерлер, ауылдық округі әкімділігің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар  қатысты.

Автомобильдi жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алғаны үшін сотталды

08/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 200 бабының, 1 бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) айыпталған М.Сарсембаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды

08/08/2016

Үржар ауданы  №2 соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі  (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру ) бойынша   Е.Құсаиновқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот мәжілісінде, Е.Құсаиновтың Үржар ауданы, Мақаншы-Кабанбай батыр ауылы жолында көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізгендігі анықталды.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

08/08/2016

Үржар аудандық сотымен С.Джайдакпаевтың  жекеше айыптау шағымы бойынша   ҚК-нің 108 бабы, яғни, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру жеке айыптау шағымы бойынша қозғалған қылмыстық ісі қаралды.

Жәбірленуші сотқа алкогольдік масаң күйінде өзіне қасақана дене жарақаттарын келтірген Е.Сағатпековқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жеке айыптау шағымымен жүгінген.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде  медиатордың қатысуымен татуласқандарын түсіндірді.

«Сот жүйесінің ашықтылығы және қол жетімділігі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

08/08/2016

ШҚО Шемонаиха аудандық сотында  «Сот жүйесінің ашықтылығы және қол жетімділігі» тақырыбына жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында БАҚ-та ақпараттарды жариялау, сот жүйесі дамытуының  жаңа бағыттары туралы және келешекте атқарылатын  жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мәселелер қарастырылды.

Катон-Қарағай ауданының Достық үйінде «Ашық есік күні» өтті

08/08/2016

«Медиация күні» республикалық акциясы аясында Катонқарағай ауданыныдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Медиация туралы» Заңының 5 жылдығына арналған «Ашық есік күні» өткізілді. 

Тараптар медиативті келісімге келді

08/08/2016

Өскемен қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 108 бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) айыпталған А.Колесниковке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында,  А.Колесников өзінің танысымен ішімдік ішу барысында сөзге келіспей, жәбірленушінің бет тұсынан соққы жасағандығы анықталды. Сарапшының  қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы  талап арыз ұсынды.

Медиация күніне орай «Дөңгелек үстел» өткізілді

08/08/2016

Медиация күні мерекесіне орай Абай аудандық кітапханасы ғимаратында кәсіби емес медиаторлардың, Абай аудандық сотының төрағасының, Абай аудандық прокуратурасының прокурорының көмекшісінің, Ішкі істер басқармасы өкілінің, «Нұр Отан» ХДП бөлімшесінің өкілінің, әкім аппараты заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Медиация күні»

08/08/2016

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы арасында елдегі медиация институтын жетілдіру туралы Меморандумға қол қойылып, осы құжатты жүзеге асыру жоспары келісілген.

Осы шара аясында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Риддер қалалық сотымен және Риддер қоғамдық келісім Кеңесімен бірлесе отырып, «Медиация күніне» арналған ашық есік күнін өткізді.

Глубокое аудандық сотында 2016 жылдың 7 айындағы атқарылған жұмыстарының қорытындысын талқылауға арналған жедел кеңес өтті

08/08/2016

Глубокое аудандық сотының ұжымымен жедел кеңесте 2016 жылдың 7 айындағы атқарылған жұмыстары қорытыланды.

Кеңес барысында сот төрағасының м.а. Б.Амиров 8 критерий бойынша  сот жұмысының статистикалық көрсеткіштерін жариялады. Сот төрелігін атқарудың сапасын арттыруға назар аударды. Сот төрелігін атқарудың сапасын арттыруға байланысты  атқарылған  жұмыстар туралы, жоғары тұрған соттардың сот жүйесінің имиджін көтеруге бағытталған тапсырмаларды атқаруды нұсқады.