Медиация күніне орай «Дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Медиация күні мерекесіне орай Абай аудандық кітапханасы ғимаратында кәсіби емес медиаторлардың, Абай аудандық сотының төрағасының, Абай аудандық прокуратурасының прокурорының көмекшісінің, Ішкі істер басқармасы өкілінің, «Нұр Отан» ХДП бөлімшесінің өкілінің, әкім аппараты заңгерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында төраға Адильбеков Е. өз баяндамасында, татуластыру рәсімдерінің сот өндірісіндегі маңыздылығын  және оны жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылдың осы  уақытымен салыстыра отырып,  2016 жылдың 7 айындағы медиацияны қолдану арқылы қарастырылған істер бойынша статистикалық мәліметтерді баяндады. Медиация институтын аудан ішінде дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы да айтылды.

Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар дауды медиация тәртібінде шешудің тәжірибесі туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар медиаторларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

Абай аудандық сотының

баспасөз қызметі