Архив событий

16/08/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында "дөңгелек үстел" өткізілді

16/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Сот шешімдерінің толық әрі уақытылы орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға «ҚР ӘМ ШҚО Әділет департаменті» ММ-нің өкілдері, сот орындаушылар, соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Катон-қарағай ауданының № 2 сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

16/08/2016

Катон-қарағай ауданының №2 сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья Г.Күдербаева сот мамандары, Катон-қарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы З.Смагулова  қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын судья Г.Күдербаева ашып, үкім бойынша сотталғандардың атқару құжаттарының сот шығындары бөліктерін орындау жөнінде және мүлікті тәркілеу бойынша туындаған мәселелерді айтты.  

Катонқарағай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

16/08/2016

Катонқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-ның 463-бабы, 1-тармағы (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмау) бойынша  С.Уалқановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жұмыс берушіге залал келтіргені үшін жауаптылыққа тартылды

16/08/2016

ШҚО Зырян аудандық сотымен ҚК-тің 187-бабы, 1-бөлігі (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша Р.Дюсюповке қатысты қылмыстық іс қаралды

Іс-материалдарына сәйкес, Р.Дюсюпов  жұмыс орнында 51 кг мөлшеріндегі құрама жемді жымқырған. Сотталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде жұмыс берушіге 1 957 теңге соммасына болмашы мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен Р. Дюсюпов ҚК 187-бабы 1-бөлігімен қарастырылған қылмысты  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Глубокое аудандық сотында брифинг өтті

16/08/2016

Глубокое аудандық сотының судьясы И.Рахметова брифинг өткізді. Оған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, прокуратура қызметкері және адвокаттар қатысты.

Іс-шара барысында судья «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және жаңа АПК-ні жүзеге асыру аясында соттардың назары татуластыру рәсімдерін кең қолдануға бағытталғандығын айтты. Заңда татуластыру міндеті тек медиаторларға ғана емес, сонымен қатар судьялар мен адвокаттарға да жүктелгендігін атап өтті.

Ерлі-зайыптылар дауды медиация тәртібімен реттеу арқылы некені сақтады

16/08/2016

Жарма  ауданының № 2 сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.  

Сот  отырысында анықталғандай, талапкер жауапкермен заңды некеде тұрады және бұл некеден ортақ кәмелетке толмаған бір балалары бар. Өзара түсінушіліктің жоқтығы және жанұяда үнемі ұрыс пен жанжалдың орын алуы – талапкердің сотқа жүгінуіне себеп болған.

Сот талқылауы барысында, ерлі-зайыптылар медиация келісімін жасап, бір-бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуыға  ниет білдірді.

Некені бұзу туралы дауда – медиатор ортақ келісімге келтіруші

16/08/2016

Ұлан аудандық сотының судьясы А.Нургазин ашық сот мәжілісінде талапкер А.Шарбанудың жауапкер А.Ризабекпен арадағы тіркелген некені бұзу туралы талап-арызы негізінде қозғалған азаматтық істі қарады.

Талапкер өз талап-арызында, жауапкермен 2007 жылы заңды некеге тұрғанын, некеден ортақ үш балаларының барын, мінездерінің келіспеуіне байланысты жауапкермен бірге тұрып татуласу мүмкін емес екенін, жауапкермен неке қатынасы араларында тоқтатылғанын баяндаған.

«Процессуалдық құжаттарды және сот отырысының хаттамасын дайындау тәртібі» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

16/08/2016

Күршім ауданының № 2 сотында «Процессуалдық құжаттарды және сот отырысының хаттамасын дайындау тәртібі» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Жансейіт, судья С. Жүніспекова және сот мамандары қатысты.

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

16/08/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша О.Ивановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, О. Иванов алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталып, медициналық куәландыруға өткізілді.

Аса iрi мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында сақтаған

16/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің 297-бабы, 3-бөлігі, 1,3-тармағы (аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және өткізу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша П.Андреевқа, В.Слинкинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

П.Андреев материалдық баю мақсатында, танысы В.Слинкинмен алдың-ала сөз байласу арқылы, Семей қаласы аумағына өткізу үшін жалпы салмағы 1,94 гр. болатын «героин» есірткі затын заңсыз сақтаған.

Сот тәжірибесіндегі медиация

16/08/2016

Зырян аудандық  сотымен Н.Щетникованың жеке шағымы бойынша   ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жеке айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, медиатордың көмегімен сотталушыдан және жеке айыптаушыдан, медиатордың қатысуымен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты, сотталушы Р.Колмаковты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы екіжақты өтініш түсті.

Сот қаулысымен қылмыстық іс бойынша өндіріс  қысқартылды.

Көлік басқару құқығынан айырылған азамат автокөлікті алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

16/08/2016

 Зырян аудандық соты ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотталушы М.Крылатовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан бес жылға айырылғанына қарамастан, әкімшілік жаза мерзімі аяқталмай жатып қайталап көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Зырян аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

16/08/2016

Зырян аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Т.Егізбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан, азамат Т.Егізбаев өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Азаматтың денсаулығына ауыр дәрежелі дене жарақатын түсіргені үшін сотталды

16/08/2016

Зырян аудандық сотында ҚК-нің 106-бабы, 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша А.Нұрсеитовқа қылмыстық іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, сотталушы алкогольдік масаң күйінде С.Мыңғынбаевпен жан-жалдасып, төбелес барысында  оның  басынан таспен  екі рет  ұрып, ауыр дәрежелі дене жарақатын түсіргені анықталды.

Сот отырысында сотталушы қылмыстық әрекеттері оның мойындауымен, іс-материалдарымен дәлелденді.

Глубокое аудандық соты ерлі-зайыптыларды татуластырды

16/08/2016

Мінездерінің келіспеуіне байланысты, әрі қарай отбасын сақтап қалуға мүмкін болмағандықтан талапкер некені бұзу жөнінде талап-арызбен  Глубокое аудандық сотына жүгінген.

Сот жүргізу барысында ерлі-зайыптылар судья-медиатордың көмегімен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімін жасап, бір-бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуына  ниет білдірді.

Сот тараптардың медиация тәртібінде жасалған келісімін бекітіп, сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша  өндірісті  қысқартты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты бағыт – алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді

16/08/2016

Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Алимханов судьялар және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты бағыт – алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Сот төрағасы өз сөзінде, бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрестің мәселелері өзекті және жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағыты – алдын алу іс шараларын жүзеге асыру екендігін айтты.

Айналасындағыларды сыйламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/08/2016

Ұлан  аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы  үйдің ауласында шулап жүрген балаларға ұрсып, оларға балағат сөйлеген. Оған ескерту жасаған жәбірленушіні де  құқықбұзушы  кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше қорлап, былағат сөйлеген және бұл әрекетімен құқықбұзушы айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған.

Даулар партисипативтік рәсіммен реттелді

16/08/2016

Риддер қалалық сотымен талапкер Н.Черныхтың жауапкер Т.Плотицынаға мұрагерлік мүлікті бөлу туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптардың қорғаушыларынан партисипативтік келісімді бекіту туралы өтінішхат түсті, оның шарттары бойынша жауапкер шаруашылық жайларымен тұрғын үйдің 4/1 үлесі есебіне сот залында талапкерден 400 000 теңге ақша алды, сондықтан аталған үлеске құқықты жоғалтады, осы үлес талапкердің меншігіне және атына уәкілетті органда тіркеу арқылы  көшеді.