«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты бағыт – алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Алимханов судьялар және сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты бағыт – алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Сот төрағасы өз сөзінде, бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы күрестің мәселелері өзекті және жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағыты – алдын алу іс шараларын жүзеге асыру екендігін айтты.

Семинарға қатысушылар жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қызметтік емес байланыстарды жою талаптары, өз әрекетінің барлық формаларында бедел түсіретін жағдайларды болдырмау, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін адал, сапалы әрі уақытылы орындау туралы мәселелерді талқылады.

Сот төрағасы Т.Алимханов қорытындылай келе, әркімге жүктелген міндеттерін адал орындап, қандайда бір заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында әр қызметкер аталған барлық талаптарды қатаң ұстаныуы қажет екендігіне тоқталды. 

 

Жарма аудандық сотының

баспасөз қызметі