Архив событий

10/08/2016

ШҚО Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өтті

10/08/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында азаматтардың бағдарламаға сот  актілерін уақытылы енгізу, уақытылы жолдау туралы арыз-шағымдарының алдын алу мақсатында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында семинар өтті. 

Сот кеңсесі меңгерушісінің м.а. Л.Чаймарданова сот актілері мен хаттамаларды бағдарламаға уақытылы енгізу жұмыстары жайлы ақпаратпен таныстырды, сот мамандарына заңнама мен қызметтік нұсқаулық талаптарын қатаң сақтану туралы ескертті.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Нотариустың атқарушылық жазбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Нотариустың атқарушылық жазбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы А.Рамазановтың төрағалық етуімен дөңгелек үстелге келесілер тұлғалар қатысты: ШҚО МАЭС судьялары, ШҚО кәсіпкерлер палатасы заңгері А.Медіғатова, ШҚО адвокаттар алқасының адвокаттары К.Калиакпаров, А.Жигитова, ШҚО нотариалдық палатасының нотариустары Г.Чакпантаев, И.Тыль, «Өскемен қаласы жылу желілері» АҚ заңгері А.Попов, «Өскемен –Водоканал» МКК-ның заңгері Т.Ложникова.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

10/08/2016

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) М.Байшеновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Шемонаиха ауданының «Достық үйінде» дөңгелек үстел өткізілді

10/08/2016

Шемонаиха ауданының «Достық үйінде» «Медиация күніне» арналған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Шемонаиха ауданының әкім аппаратының және «Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің және «Шемонаиха әкімшісінің жастар орталығы» ММ-нің өкілдері, Шемонаиха ауданының ақсақалдар одағының өкілі, жергілікті «Шемонаиха тынысы» газетінің редакторы, кәсіптік және кәсіптік емес медиаторлар, шемонаиха аудандық «Достық үйінің» қызметкерлері, Шемонаиха аудандық сотының судьялары қатысты.

Қаруды заңсыз алып жүргені және бұзақылық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

10/08/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен  ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы,  287-бабы,  3-бөлігі  (бұзақылық, атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған) бойынша Д.Абдрахмановқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ұлан ауданының № 2 сотында отбасы-тұрмыстық дау медиация тәртібімен шешілді

10/08/2016

Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБК 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Н. Кузьминге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, Н. Кузьмин үйінде алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқан.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, твараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

Сот қаулысымен іс қысқартылып, құқық бұзушы ӘҚБК 64-бабының негізінде жауапкершіліктен босатылды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

10/08/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) Ж. Абжетовқа қатысты әкімшілік істі қарады.  

Сотта  анықталғандай, Ж. Абжетов   қоғамдық орында, темекі шегіп, темекі қалдығын белгіленбеген  жерге тастаған және осы әрекетімен ол ортақ пайдалану орнын ластаған.                                   

Сот қаулысымен  Ж. Абжетовқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасауы бойынша кінәлі деп танылып, ол 1 тәулікке қамаққа  алынған.

Даулар партисипативтік келісіммен реттелді

10/08/2016

Риддер қалалық сотымен талапкер Е.Мирошниченконың жауапкер Д.Мирошниченкоға некені бұзу, жұбайлардың ортақ мүлкін бөлу, мәмілені жалған деп тану туралы және талапкердің жауапкерге борышты ортақ деп тану, ортақ мүліктегі үлесті анықтау, баламен кездесу уақытын белгілеу туралы қарсы талабы негізіндегі азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа партисипативтік келісімді бекіту туралы бірлескен өтінішхатпен жүгінді.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/08/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасының м.а. Б.Әміров АІІБ-нің және МКҚБ ПБ өкілдерінің, Глубокое ауданының ТЖҚБ және прокуратура қызметкерлерінің, сот мамандарының қатысуымен «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараны өткізудің басты мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз етіп  күшейту және сот ғимаратына өткізу тәртібін сақтау.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген үшін сотталды

10/08/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша С. Качановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс-материалдарына сәйкес, С. Качанов алкогольдік масаң күйінде К. Жарбуловпен араларыңда пайда болған жанжалдың салдарынан, оның арқасынан және басынан темір сүймен (орыс.«лом») соғып, қылмыс орнынан кетіп қалған.

К.Жарбулов алған дене жарақаттарының салдарынан жан сақтау бөлімінде қаза болған.

Үржар ауданы № 2 сотында «Заңды күшіне енген сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/08/2016

Үржар ауданы № 2 сотында «Заңды күшіне енген сот актілерін орындау» тақырыбыңда дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек стол жұмысына сот мамандары, Үржар аудандық прокурорының көмекшісі А.Есенов, Мақаншы аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы Е.Оразалиев қатысты.

Дау медиациялық келісіммен аяқталды

10/08/2016

Үржар ауданы №2 сотында  талапкер Д..Кобельдесованың жауапкер М.Тахировадан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер талапкерден қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтару  туралы міндеттемесін орындамаған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартуды сұраған.

Әкімшілік іс медиациялық тәртібінде реттелді

10/08/2016

Ұлан ауданының № 2 сотымен ӘҚБК 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) И. Сизовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, И.Сизов  алкогольдік масаң күйінде жанжал шығарып, бұрыңғы азаматтық жұбайына былапыт сөздер айтқан.

Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, сотқа бітімгершілік келісімін ұсынған.

Сот қаулысымен іс қысқартылып, құқық бұзушы ӘҚБК 64-бабының негізінде жауапкершіліктен босатылды.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

10/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1- бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет)  азаматша Н.Хижниченкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды

10/08/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен  ҚК-нің 106-бабы 1-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша Ж.Тоқтарбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж.Тоқтарбаев өзінің үйінде таныстарымен бірігіп алкогольдік ішімдік ішу барысында, араларында жанжал туындаған, соның  салдарынан жәбірленушінің ішінен пышақпен соққы жасап, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.