Глубокое аудандық соты ерлі-зайыптыларды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мінездерінің келіспеуіне байланысты, әрі қарай отбасын сақтап қалуға мүмкін болмағандықтан талапкер некені бұзу жөнінде талап-арызбен  Глубокое аудандық сотына жүгінген.

Сот жүргізу барысында ерлі-зайыптылар судья-медиатордың көмегімен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімін жасап, бір-бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуына  ниет білдірді.

Сот тараптардың медиация тәртібінде жасалған келісімін бекітіп, сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша  өндірісті  қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі