Көлік басқару құқығынан айырылған азамат автокөлікті алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Зырян аудандық соты ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотталушы М.Крылатовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан бес жылға айырылғанына қарамастан, әкімшілік жаза мерзімі аяқталмай жатып қайталап көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот үкімімен  М.Крылатов ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра,  25 АЕК мөлшерінде айыппұл  түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі