Айналасындағыларды сыйламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан  аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы  үйдің ауласында шулап жүрген балаларға ұрсып, оларға балағат сөйлеген. Оған ескерту жасаған жәбірленушіні де  құқықбұзушы  кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше қорлап, былағат сөйлеген және бұл әрекетімен құқықбұзушы айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған.

Құқықбұзушы  өз кінәсін мойындап, құқықбұзушылық жасағаны үшін  өкінгендігін білдірді.

Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 21 210 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Ұлан аудандық сотының

баспасөз  қызметі