Зырян аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) азамат Т.Егізбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан, азамат Т.Егізбаев өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйде өзімен бірге тұратын жұбайымен ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқан.

Сот отырысында құқық бұзушы Т.Егізбаев ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы жөніндегі өз кінәсін толық мойындады. Тараптардың медиация тәртібімен татуласына байланысты соттан әкімшілік істі тоқтатуын сұрады.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін азамат Т.Егізбаевқа қатысты әкімшілік іс медиациялық келісім негізінде тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зырян аудандық сотының

 баспасөз қызметі