«Медиация күні»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Қазақстан халықтары Ассамблеясы арасында елдегі медиация институтын жетілдіру туралы Меморандумға қол қойылып, осы құжатты жүзеге асыру жоспары келісілген.

Осы шара аясында Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Риддер қалалық сотымен және Риддер қоғамдық келісім Кеңесімен бірлесе отырып, «Медиация күніне» арналған ашық есік күнін өткізді.

Шараға Риддер қалалық сотының төрағасы Адаспаев Т., Риддер мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы м.а. Дремлюх Т., Риддер қоғамдық келісім Кеңесі төрағасы Эсенова А., кәсіби медиаторлар Манакова Л., Данилова М., қоғамдық медиатор Паткульдинов Д., отставкадағы судья Баекенова Ж., мемлекеттік органдардың және қаланың пәтер иелері кооперативтерінің, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған Риддер мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы м.а. Дремлюх Т. әкімшілік істер бойынша медиация тәртібімен қаралған істер туралы статистикалық деректерді келтірді.

Қаланың кәсіби медиаторлары Манакова Л., Данилова М. қатысушыларға медиацияның соттық іс қараудан артықшылықтарын түсіндіріп, сот талқылауы дауды реттеуде өркениетті елдердегідей соңғы шара болуы тиіс екендігін баяндады.

Іс-шараның соңында жоғарыда аталмыш мекемелердің өкілдері әр түрлі  сұрақтар  бойынша  өзара  ой алысты.

 

Риддер қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі