Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс-Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында азамат  В.Литяевті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат В.Литяев  сот отырысы болатын уақыт туралы хабардар бола тұра, сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеген. Осылайша өз әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік танытқан.

Сот қаулысымен  В.Литяевті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының, 1-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі