Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында азамат С.Юсовты Қылмыстық Кодексінің 188-бабының, 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан,  С.Юсов жәбірленушінің ұялы телефонын жасырын ұрлап алып, оған  10 000 теңге материалдық шығын келтіргендігі анықталды.

Сот отырысында медиатордың қатысуымен сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Сот қаулысымен С.Юсовқа катысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

 баспасөз қызметі