Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан өңіріндегі соттардың 2016 жылдың 1-жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың төрағалығымен, азаматтық істер бойынша алқа төрағасының міндетін атқарушы Б.Шарнаеваның, қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы К.Чакпантаевтың қатысуымен өткен кеңесте Шығыс Қазақстан өңірі  соттарының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстары қорытыланды.   

Шараға судьялар мен сот кеңселерінің меңгерушілері қатысты.

Шара барасында сот практикасын қолдануға қатысты азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот практикасын қолдануға, процессуалдық заңнаманың нормаларын қолдануға қатысты мәселелерді,  сонымен қатар, судьялар жасаған қателіктерді талқылау сияқты мәселелер қаралды.

Жиын қорытындысында Д.Әміров 8 критерийлер бойынша, оның ішінде оңайтылған іс-жүргізуге, медиацияға және Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бойынша жұмысты күшейту мәселлеріне баса назар аударды. Сондай-ақ,  2016 жылдың бірінші жартыжылдығы  бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы талқыланды. Бұл сот төрелігінің жүзеге асыру сапасын жақсартуға көмектесу үшін тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі