Риддер қалалық сотында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша байқау қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық  сотында кеңсе мамандарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін анықтау арналған байқау өткізілді.

Шараның мақсаты -  кеңсе мамандарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау және тілді сот қызметінде қолдануға үйрету.

Байқау үш кезеңнен тұрды:1 кезең – қарапайым сөздерді дұрыс жаза білуін талап ететін диктант; 2 кезең – тестік тапсырма, жіберілген бос орынға дұрыс сөзді тауып жазуға арналған сөйлемдер; 3 кезең – (Өзің туралы айт) ауызша тапсырма, бұл бес сұрақтан тұрды. Мамандар тапсырмаларды  толық орындап шықты.

Шараның соңында қатысушылар осындай қызықты да танымды байқау өткізгендері үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі