Өскемен қаласының № 2 сотымен марихуананы ірі көлемде сақтағандығы үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚҚ 296-бабы, 3-тармағы (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Д.Ордабаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сотталушының көлігінде ірі көлемде марихуана табылып, тәркіленген.

Сот үкімімен  Д.Ордабаев жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 100 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған тұрғылықты жері бойынша нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының № 2 сотының

баспасөз қызметі