Медиация тәртібімен азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотымен Т.Солоптың О.Майфатқа әкелікті анықтау және алиментті өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Басты сот талқылауы барысында тараптардан медиация өткізу және медиативтік келісімді бекіту туралы бірлескен өтініш түсті, оның шарттары бойынша, тараптар бірлесіп кәмелетке толмаған балаға қатысты әкелікті тануға келісті. Жауапкер өз еркімен талапкердің пайдасына ай сайын табысының 1/6 бөлігі көлемінде алимент төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар, жауапкер талапкерге 135 000 теңге сараптама өткізу бойынша қаражатты қосқанда, 191 500 теңге сот шығындарын төлейді.

Риддер қалалық сотының ұйғарымымен тараптар арасындағы медиативтік келісім бекітілді, азаматтық іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Риддер  қалалық  сотының

баспасөз  қызметі