Курчатов қалалық сотында «Сот актілерінің орындалмауы» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотында «Сот актілерінің орындалмауы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға Курчатов қалалық  сотының судьясы Сыздыков А., сот мәжілісінің хатшысы Шакиртов Р., сот приставы Ргаев Ж., Курчатов қаласы бойынша сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Хайбуллин Д., прокурор Базарбеков Е. және пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Темирханов А. қатысты.

Семинар барысында  орындалмаған сот актілері, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша мемлекет пайдасына тәркіленуге жататын заттарды,  мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіру туралы, сонымен қатар азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы бойынша мемлекет пайдасына мемлекеттік баж және қылмыстық істер бойынша сот шығындарын өндіру туралы, қайтадан жұмысқа орналасу, сот үкімімен қоғамдық жұмыстардан жалтару сұрақтары қозғалып, жан-жақты талқыланды.

Іс-шара соңында семинар қатысушылары өзара пікірлерімен алмасты.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі