Қоғамдық тәртіпті бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотымен  ӘҚБтК 434-бабы 1- бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет) бойынша Л.Ищенкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі қалдығын жолға тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орынын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен Л. Иващенко құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, оған 21 210 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі