Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 383-бабы 3- бөлігі (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу) бойынша А.Ғазозовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы жыл көлемінде балық аулауға тыйым салынған орын Бұқтырма су қоймасының «Арендатор» учаскесінде, тыйым салынған 5 дана синтетикалық моножіптен жасалған аумен балық аулаған. Сөйтіп, ол ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген құқық бұзушылықты  жасаған.

Сот қаулысымен А. Ғазозов  ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК көлемінде  42 420 теңгеге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

   

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі