Шебердің денсаулығына зиян келтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының № 2 сотымен ҚК 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша Д.Банинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы алкогольдік масаң күйде жұмыстан шеттеткені үшін темір арматурасымен бөлімше шеберінің басынан соққан. 

Сараптама қортындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Соттың үкімімен Д.Банин қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының № 2 сотының

баспасөз қызметі