Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол-көлік оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерін төлеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы С.Ибраевтың төрағалық етуімен «Жол-көлік оқиғасына байланысты  сақтандыру төлемдерін төлеудегі жаңашылдық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының МӘС-ның судьясы Ф.Камалов пен Өскемен қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Н.Быйтебаев, Өскемен қаласы ІІБ әкімшілік тәжірбие бөлімінің аға инспекторлары М.Жамбасов пен К.Жүнісов, Өскемен қаласы ІІБ әкімшілік тәжірбие бөлімі жол-патрульдік полициясы батальонының аға инспекторы Д.Бейсенов, Өскемен қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының штаб басшысы Н.Оразбаев, сонымен бірге, Өскемен қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясы батальонының бірқатар рота және звод командирлері қатысты.  

Дөңгелек үстелді ашқан сот төрағасы С.Ибраев 2016 жылдың шілде айында жол-көлік оқиғасына байланысты сақтандыру өтемдерін өтеу үшін сақтандыру компанияларына судьяның электронды цифрлық қолтаңбасымен расталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жолдау туралы жоба іске қосылғанын айтты. Сол себептен сот төрағасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру барысында сақтандыру компаниясының атауы мен сақтандыру полисінің номерлерін жазу қажеттігі туралы мәлімдеді. 

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ф.Камаловтың айтуынша аталған жаңашылдық азаматтар сақтандыру өтемдерін алу үшін сот қаулысына заңды күшіне енгені туралы белгіні қойдыру үшін қайтадан сотқа жүгінулерінің алдын алады.

Дөңгелек үстелге қатысушы жол-патрульдік полициясының қызметкерлері өз кезегінде аталған жаңашылдықты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құзырлы басқа да қызметкерлердің назарына жеткізуге міндеттенді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жиналу тәртібі мен сапасы және оған тіркелетін материалдардағы кемшіліктер жайы да сөз болды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, сот төрағасы әкімшілік соттармен сот қаулыларын сақтандыру компанияларына электронды түрде жіберу жаңашылдығы туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 

Өскемен қаласының     

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі