Архив событий

06/04/2016

Қазақстан аумағынан шығарылды

06/04/2016

Өскемен қалалық соты  ШҚО ІІД-ның арызы бойынша О.Шуваловты Қазақстан аумағынан шығару туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан О. Шувалов Қырғызстан азаматы екендігі, Қазақстан Республикасында қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. Сот үкімімен О. Шувалов  ҚК-тің 181-бабы, 3-бөлігі, "в" тармағы,  ҚК-тің 125-бабы, 2-бөлігі, "а,в,д,з" тармақтары бойынша мүлкін тәркілеумен қатар, 8 жылға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 

Шетелдік азаматтар көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/04/2016

Глубокое аудандық соты  ӘҚБтК-нің 517-бабы, 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан азаматтары М.Хусанов, А.Снятовский және Ресей азаматы И.В

Глубокое аудандық сотында «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді

06/04/2016

Глубокое аудандық сотында БАҚ тілшілерінің, прокуратура, аудандық полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Б.Касенов 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот қызметі жөнінде баяндады, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді атап өтті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтырамен бөлісті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

06/04/2016

ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасында Глубокое аудандық сотының маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері және сот мамандары қатысты.

Әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолданылды

06/04/2016

Тарбағатай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 4-бөлігінде (әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер)  қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат М.Қамзабековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Курчатов қалалық сотында «Сот кабинеті сервисін пайдаланушылар арасындағы Оnline сауалнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

06/04/2016

Курчатов қалалық сотында «Сот кабинеті сервисін пайдаланушылар арасындағы Оnline сауалнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қалалық соттың судьясы А.Сыздықов, адвокат С. Скворцов, қала прокурорының көмекшісі  Е.Базарбеков және заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

06/04/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Жансейітұлы 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихатын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы соттың тоқсандық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Әкімшілік қадағалау орнатылды

06/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық соты бұрын сотты болған Е.Белозеровқа қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ішкі істер бөлімінің ұсынысын қарады.

Өскемен қалалық соты 2016 жылдың 3 айындағы жұмыстарын қорытындылады

06/04/2016

Өскемен қалалық сотында  2016 жылдың 3 айындағы жұмыстары қорытындыланды   бойынша  кеңес  өткізілді.

Ағымдағы жылдың  1 тоқсанында  сот 4 128 азаматтық іс аяқталған, оның ішінде шешім шығарумен 2224 іс, тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты 26 іс, дауларды медиация тәртібінде реттеумен 115 іс  аяқталған.

Шетел азаматтығын алғаны үшін ҚР аумағынан шеттетілді

06/04/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 496-бабы, 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпталған А.Зайцевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.Зайцев  шетел мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы  заңнамада көрсетілген мерзімінде хабарламай, сонымен қатар ішкі істер бөліміне, Ішкі істер министрлігінің шетел мекемелеріне Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсырмағандығы анықталды.