Архив событий

05/04/2016

ШҚО экономикалық сотында «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі», 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру» тақырыбында семи

05/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қазақстан Республикасы Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет жөніндегі Департаментінің басшысы, әдеп бойынша Кеңестің төрағасы Т.Жұмағұлов «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне түсіндірме беру», 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру» тақырыбында семинар  өткізді.

Заңсыз ағаш кескен мемлекеттік орманшылық инспекторына қатысты үкім заңды күшіне енді

05/04/2016

Бесқарағай аудандық сотының үкімімен Р.Атығаев  ҚК-нің 340-бабы, 3-бөлігі, 2, 4-тармақтарымен (орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кесу, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Р.Атығаев бір жылға дейін мерзімге белгілі бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, мемлекет пайдасына 50 АЕК мөлшерінде 99 100 тенге соммасына  айыппұл салу түріндегі жазаға сотталды.

Семей қаласы № 2 сотының ұжымы сенбілік ұйымдастырды

05/04/2016

Семей қаласы №2 соты төрағасының басшылығымен судьялар мен сот мамандары «Полковничий»  аралында сенбілік өткізді. Барлығы бірлесе жұмыс жасап, жол жиегіндегі қоқыстарды жинап, спорт алаңын тазартты.

Сот ұжымы сенбілікке шығып, әр қайсысы дүниені жақсартуға өз үлестерін қоса алатынын дәлелдеп көрсетті. Сенбілікте бүкіл ұжымның көңіл-күйі жоғары болды. Тазалықты сақтау тәртібі акциясы аса ынтагерлікпен ұйымдастырылып өткізілді.

Семей қаласы № 2 сотының

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

05/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) бойынша айыпталған С.Белопуховаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бородулиха аудандық сотында есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

05/04/2016

Бородулиха  аудандық  соты   ҚК-тің 396-бабы,  2-бөлігімен  (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қарастырылған қылмыстық әрекет жасағаны үшін айыпталған азамат П-ға   қатысты  қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат П. заңсыз түрде жабайы  өсетін сораның бұтағынан жапырақтармен  гүлшоғырларын  жинап алып, кетпіріп, өзі шегіп қолданғандығы анықталды.

Ерлі-зайыптылар сотта татуласты

05/04/2016

Семей қалалық соты  О.Колодкинаның Д.Колодкин екеуінің арасында қиылған некені бұзу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алдын ала сот отырысы барысында талапкерден тараптардың медиация тәртібінде татуласып, некелік қатынастарын жалғастыру ниетте болғандықтан іс бойынша өндірісті тоқтату туралы өтініш түсті.

Тараптардың татуласуы

05/04/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) азамат В. Соломоденкоға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, В. Соломоденко өзінің пәтерде жұбайына алкогольдік масаң күйде балағат сөздер айтып, жанжал шығарғандығы анықталды.

Қарақшылық жасағаны үшін сотталды

05/04/2016

Глубокое аудандық соты ҚК-тің 192-бабы, 2-бөлігі, 3,4-тармақтары (қарақшылық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кiріп, қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл) бойынша А.Пьянковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Катонқарағай аудандық сотында «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді

05/04/2016

Катонқарағай аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.

Сот төрағасының м.а. Е.Шыныбаев  1 тоқсандағы сот жұмысына қорытынды жасап, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге қатысты статистикалық ақпаратты жариялады.

Аса iрi мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау

05/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін  айыпталған В.Медведевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта В.Медведев Өскемен қаласы аумағында сату үшін, жалпы салмағы 2,0235 грамм есірткі заты-героинді заңсыз сақтағаны анықталды.