Архив событий

12/04/2016

Зайсан аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

12/04/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт пен  құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанының жұмыс қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында 2016 жылдың 1 тоқсанында Зайсан аудандық сотымен қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің және материалдардың статистикалық деректерін баяндай келе қоғамның теріс пікірін  тудырған өзекті тақырыпқа қатысты қаралған істерге тоқталды.

Медиация заңына қатысты семинар өткізілді

12/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында төрағаның м.а. Р. Омаровтың ұйымдастыруымен ауданның кәсіби емес медиаторларының қатысуымен «Медиация туралы» Заңды қолдануда туындайтын мәселелерге арналған семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – үйлестіруші-судья медиация бойынша практикалық көмек көрсету, «Медиация туралы» Заңдағы жаңа өзгертулер, қазіргі заң талабына сәйкес, сот процесіндегі медиациялық бітімгершіліктің рөлі, азаматтық істердің медиация тәртібімен шешілуін талқылау.

Халықпен кездесу іс-шарасы өткізілді

12/04/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев Дайыр ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында болып, ауылдық әкімшілік ғимаратында   халықпен кездесу  өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы ауыл тұрғындарын Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда сотпен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

12/04/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 188-бабының, 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша азамат К.Сағатбековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат К.Сағатбеков танысының үйінде қонақта бола тұра планшетін  ұрлаған, ол өзінің заңсыз әрекетімен жәбірленушіге 15000 теңге көлемінде материалдық залал келтіргендігі анықталды.

ШҚО экономикалық сотында «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар өткізілді

12/04/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Жилкашинова «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Семинарға  барлық кеңсе мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерішісінің м.а. сабақ тақырыбы аясында сот ісін жүргізуіне хабарлама, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, электрондық пошта, сот кабинеті, сот отырыстарын аудио-видео, сот жүйесіндегі жүзеге асырылған интернет-ресурстар және т.б. инновациялық технологияларды енгізу ерекшелігі туралы айтты.

Семей қаласы № 2 сотында медиативтік келісім бекітілді

12/04/2016

Семей қаласының № 2 соты  ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адам автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы ауыр зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы туралы) бойынша азамат А.Мұратбековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ерлі-зайыптылардың медиация тәртібінде бітімгершілікке келу арқылы неке сақталды

12/04/2016

Жарма  ауданының №2 аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.  

Сот  отырысында, тараптардың заңды некеде және сол некеден ортақ кәмелетке толмаған бір балалары бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі ұрыс жан-жал болғандықтан   талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Сот жүргізу барысында ерлі-зайыптылар медиация тәртібінде келісімге келіп, бір-бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуына  ниет білдірді.

Алаяқтық жасаған үшін сотталды

12/04/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігінің, 1,3 тармақтары (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену, ірі мөлшерде, екі неме одан да көп адамға қатысты жасалған) бойынша  азамат К.Қасымхановаға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12/04/2016

Жарма ауданының  №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік Құқық Бұзушылық Кодексінің  653-бабының, 1-бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (ә

Колледж студенттерімен кездесу өткізілді

12/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Түсіпова Қазақстан-Америка Еркін Университеті Колледжінің студенттеріне Ювеналды сот ғимаратында экскурсия жасап, «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында әңгімелесу өткізді.

Медиатордың қатысуымен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

12/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №1 мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын насихаттау бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда. Соттың судьялары мен мамандарының баспа басылымдарында және веб –сайттарда мақалалары жарияланып, дөңгелек үстелдер, семинарлар және  колледждерде дәрістер өткізуде.

Сонымен қатар, медиатордың қатысуымен тараптардың татуласуына байланысты үш  қылмыстық іс қысқартылды.

Үржар аудандық сотында «Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

12/04/2016

Үржар аудандық сотында «Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына  аудан прокуратурасының өкілдері және Үржар АІІБ-нің тергеу бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Төрағалық етуші судья М.Молдабаев  дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты осы саладағы қылмыстық заңнамаларды дұрыс қолданылуының қажеттілігіне байланысты заң нормаларын тереңірек меңгеру екенін атап өтті.

ШҚО Өскемен қалалық сотында партисипативтік рәсім бекітілді

12/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотында  қарызды өндіру жөніндегі азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы  келісім бекітілді.

Жауапкер келісім шарт бойынша берешекті төлеуден бас тартқан, соның салдарынан талапкер сотқа жауапкерден 960 000 теңге көлемінде берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

12/04/2016

Риддер қаласыныңмамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚбтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Т-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, азамат Т. орта дәреджедегі алкогольді  масаң күйінде көлік құралын басқарғандығы анықталды.

Жасөспірім және заң

12/04/2016

Үржар аудандық сотының судьясы М.Молдабаев Үржар ауданының білім бөлімінің қызметкерлерімен  ұйымдастырылған кәмелеттік  жасқа толмағандарға арналған алдын алу шараларына қатысты.

Аталған шара І.Жансүгіров атындағы орта мектепте өткізілді.

Шараға Үржар ауданының Әкімі аппаратының мемлекеттік заң – құқықтық бөлімінің, Үржар АІІБ-нің кәмелетке жасы толмағандар бойынша бөлімінің, Үржар ауданының білім бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

Дәрігерлердің заңсыз әрекеті емделушіге келтірілген моральдық өтемақыны өндіруге негіз болды

12/04/2016

Семей қалалық соты 2 245 112 теңге көлеміндегі материалдық шығынды, 6 000 000 теңгеге бағаланған моральдық шығынды, өкілдің көмегіне жұмсалған 200 000 теңгені өндіріп алу туралы  азаматтық істі қарады.

Сотта, талапкердің жедел жәрдем арқылы ауруханаға жатқызылып, оған  аса қатерлі аурулардың бірі туралы диагноз жасалғаны анықталды. Онымен қоса, талапкерге ары қарай емдеуге ешқандай шара қолданылмай,  2-3 апталық ғана ғұмыры қалғандығы айтылған.

Есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

12/04/2016

Глубокое аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабы,  2-бөлігімен (есiрткi заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) көзделген қылмыстық әрекетті жасаған Е.Анохинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, 2015 жылдың қыркүйегінде Е.Анохин ауыл маңында жабайы өскен сораның  сабақтарын өзі қолдану үшін сақтағандығы анықталды.

2016 жылдың 17 наурызында  Е.Анохин полиция қызметкерлерімен ұсталып, тінту барысында оның сыртқы киімінің  оң қалтасынан қағазға оралған  марихуана табылған.

ШҚО Зырян аудандық сотында әдейі банкроттық жасағаны туралы әкімшілік іс қаралды

12/04/2016

Зырян аудандық соты ШҚО мемлекеттік кірістер басқармасы АММ-сінен  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 182-бабы (әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерiндегі немесе өзге де тұлғалардың мүдделерiдегі әрекеттерi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде болған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту) бойынша  әкімшілік істі қарады.

Ұлан аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

12/04/2016

Ұлан аудандық сотында Шығыс Қазақстан облыстық соты, Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастық  меморандумға қол қойылғаны туралы талқыланған  дөңгелек үстел өткізілді.