Архив событий

26/04/2016

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/04/2016

«Дау мұраты бітім» - деп даналарымыз бекер айтпаса керек. Оның тарихи тағылымы тереңде. Бұл тиімді әдіс азаматтық, әкімшілік және кейбір  ауыр емес қылмыстарға қатысты  істерді  шешу барысында уақыт өте келе өз жемісін беруде. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) кінә тағылған азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қаралды.

Глубокое аудандық сотында бес шетел азаматтарына қатысты әкімшілік іс қаралды

26/04/2016

Глубокое аудандық сотында ӘҚБтК 517-бабы, 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Өзбекстан Республикасының бес азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аягөз аудандық сотында қылмыстық іс тараптардың татуласуларына байланысты қысқартылды

26/04/2016

Аягөз аудандық сотында ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) бойынша А.Серікқалиға қатысты қылмыстық іс қаралды.

ШҚО экономикалық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар өткізілді

26/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Семинарлық сабаққа сот кеңсесінің барлық мамандары қатысты.

Глубокое аудандық сотында семинар өткізілді

26/04/2016

Глубокое аудандық сотында семинар сабағы өткізілді, онда атқарушылық құжаттарды жолдау бойынша сұрақтар талқыланды.Семинарға сот мәжілісінің хатшылары, сот кеңсесінің мамандары қатысты.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өткізілді

26/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың және  қылмыстардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ұлан аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/04/2016

Ұлан аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ұлан аудандық сотының бас маманы Р.Чамакаев, адвокат А.Шотанова, «Жемчужина» жеке пәтер иелері  корпоротивінің өкілі А.Сағындықов, Ұлан аудандық әкімшілігінің өкілі Э.Токежанова, жергілікті «Ұлан таңы» газетінің тілшісі З.Жанаева қатысты.

Тазалық үшін күрес жалғасуда

26/04/2016

Қоғамдық орындарда тәртіпті және тазалықты сақтау үшін күрес бүкіл елімізде қарқын алуда. Бұл жұмыстан Семей қаласыда шет қалған жоқ. 

Мысалы ағымдағы жылдын басынан бері Семей қаласының арнайы әкімшілік сотында, қоғамдық орындарда шекілдеуік шағып қоқыс жәшіктерінен тыс темекі тұқылын  тастаған адамдарға қатысты 807 іс қаралды.

Күршім аудандық соты қарызды өндіру және кепілдік мүлікті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады

26/04/2016

Күршім аудандық соты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қарызды өндіру  туралы және кепілдік мүлікті өндіру туралы  талап арызы бойынша  азаматтық істі қарады.

Сотта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен  жауапкер арасында, жауапкерге 2 000 000 теңге несие беру туралы келісім-шарт жасалғандығы анықталды. Алайда, жауапкер келісім шарттың шарттарын бұзған, жалпы қарызы 1 554 846 теңгені құраған. Қарыз алушы осы шарттың орындалатынына кепіл ретінде талапкерге мүлкін қойған.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сенбілік өткізілді

26/04/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.

Сенбілікте сот қызметкерлері  қатысып, ғимарат ішіндегі қызметтік бөлмелерге, залдарға, сот ғимаратының айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ауладағы талдар әктеліп, түптері қопсытылды.                

Осындай сенбіліктер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Семей қаласының мамандандырылған

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сенбілік өткізді

26/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы кезекті рет дәстүрлі сенбілік шарасын өткізді.

Сот төрағасының жетекшілігімен жүргізілген сенбілікке аталмыш соттың кеңсе меңгерушісі және мамандары қатысты. Сенбілік барысында сот ғимаратының айналасы қоқыстан түгел тазартылып, арнайы техникалар арқылы қаладан тыс аумаққа шығарылды.

Сонымен қатар, сот ғимаратының қоршаулары мен жол жиегі  ағартылып, сот ғимаратының маңайы тазартылды.