Архив событий

01/04/2016

Шетелдікті тонағаны үшін сотталған адамға қатысты үкім заңды күшіне енді

01/04/2016

Өскемен қаласының № 2 сотында шетел азаматын тонаған Н.Жексембаевқа қатысты қылмыстық іс каралды.

Сотта Н.Жексембаев Өскемен қаласында азық-түлік дүкенінде шетел азаматының мүлкін ұрлап,  оған 37 000 теңге материалдық шығын келтіргендігі анықталды.

Прокурор мен сотталушының арасында, жәбірленушінің келісімі бойынша процессуалдық келісім жасалды.

Партисипативтік рәсімді бекіту туралы ұйғарым заңды күшіне енді

01/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық соты берешекті өндіру туралы азаматтық іс бойынша дауды реттеу келісімді партисипативтік рәсім тәртібінде бекітті.

Жауапкер келісім шарт бойынша берешекті төлеуден бас тартқан, соның салдарынан талапкер сотқа, жауапкерден 1 340 000 теңге көлеміндегі берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жаза қолданылды

01/04/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен азамат И.Ивлевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат И.Ивлев Курчатов қалалық сотына әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы ретінде шақырылған, сот ғимаратында бола тұра И.Ивлев балағат сөздер айтып, сот приставымен күзет полицейінің ескертуіне құлақ аспаған.