Архив событий

13/04/2016

ШҚО Өскемен қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

13/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева «Сот актілерін уақылы орындауды бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры А.Бердыкенов, ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының Аймақтық палата басшысының орынбасары К.Тұнгышбаев сот орындаушысы Ж.Шаймарданова, Өскемен қаласының №2 сотының бас маманы Д.Қашкынбаева қатысты.

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізумен қаралды

13/04/2016

Зайсан аудандық сотында А.Абзалқановқа қатысты қылмыстық іс келісімдік іс жүргізумен қаралды.

Іс құжаттарынан, А.Абзалқанов дәмханада ішімдік ішкен масаң күйінде азамат Р-ға қалтасында жүрген бәкімен ішіне соққы жасап, оған қасақана ауыр дене жарақатын келтірген, яғни ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.

Семей қаласы № 2 сотының судьялары «Қаланы көгалдандыру» науқанына қатысты

13/04/2016

Семей қаласы № 2 сотының судьялары «Семей орманы» МОТР РММ бірге қаланы көгалдандыру науқанына қатысты.

Акцияға қатысушылар «Красный Кордон» орманының егу аймағына көлемі 1 гектардан артық қарағай көшеттерін екті.

Медиаторлар жәбірленуші мен сотталушыны татуластырды

13/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында дене жарақатын келтіргені үшін сотқа берілген А.Ляпуновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта  А.Ляпунов масаң күйінде, бірге тұратын жұбайының  шешесінің үйіне келіп, жан-жал шығарған, жан-жал кезінде  енесінің қолынан, иығынан жұлқылап, мұрынынан алақанымен соғып жібергендігі анықталды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды реттеу туралы медиативтік келісімге келді.

Риддер калалық сотында 2016 жылдың 1-тоқсанындағы жұмыстардың корытындысын талқылауға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді

13/04/2016

Сот билігінің беделін күшейту, соттың қызметін ұйымдастыру деңгейін, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын және тиімділігін арттыру, бұқаралық-ақпарат құралдарымен ашық та жариялы тығыз карым – қатынаста шаралар атқару, заңнама талаптарын халыққа жеткізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар, өткізіліп жатқан сот-құқықтық реформа кезеңдері туралы ақпарат беру және атқарылған және  алдағы атқарылатын жұмыстар туралы қоғамның назарына жеткізу мақсатында, Риддер қалалық сотының баспасөз қызметі Риддер қалалық сотының 2016 жылдың 1 тоқсанда атқарған жұмыстарының кор

Тарбағатай аудандық сотында «онлайн-сауалнамаға» қатысу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

13/04/2016

Тарбағатай аудандық сотының қызметкерлері «Сот кабинеті» сервисін қолданушы – сот процесіне қатысушылардың сот қызметіне қанағаттанушылық деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысу тәсілі мен зерттеу нысаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған онлайн-сауалнама ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап жүргізілді. Бүгінгі күнге дейін үш мемлекеттік органдардың өкілдері, атап айтқанда прокурор, мемлекеттік кірістер басқармасының заңгері, АХАЖ бөлімінің қызметкері және бес жеке тұлға қатысты.

Есірткі заттарын тұтынуға үй-жайларды бергені үшін сотталды

13/04/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 302-бабы, 1-бөлігі бойынша (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) Г.Наумоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде, 2016 жылы 27 ақпанда Г.Наумова мак тұқымынан есірткі жасау үшін В.Красиков пен  Д.Гарбузовқа өз үй жайын ұсынған, өзі де әзірленген есірткі затын тамыр ішіне қабылдаған.

Жеке айыптау ісімен ақталғандардың талабы

13/04/2016

Өскемен қалалық соты азамат И мен П азаматша Т-ға қатысты материалдық  және моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша талапкерлер денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін  (ҚК-тің 108-баб)  жеке айыптау бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Сот үкімімен азамттар И мен П ҚК-тің 108-бабымен қарастырылған қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танылған.

Келтірілген залалды өндіру бойынша дау медиация тәртібімен шешілді

13/04/2016

Семей қалалық соты А. Дәрібаеваның  Н.Серединадан 38 155 теңге көлеміндегі материалдық шығын әрі 500 000 теңге моральдық залал үшін өтемақы өндіру туралы азаматтық істі қарады. 

Істің қаралуы барысында тараптар дауды  медиация тәртібімен шешуге келісті.

Сот ұйғарымымен іс  медиация  тәртібінде қысқартылып, тараптар дауды реттеу туралы келісімге келген. Келісімге сай  жауапкер 50 000 теңге моральдық залал үшін өтемақысын талапкерге төлеуге міндеттелген, ал талапкер өз кезегінде талап арызынан бас тартты.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

13/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК 106-бабының, 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені) бойынша Т.Бадагуловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Т.Бадагуловқа достарымен бірге спирттік ішімдіктер ішкен. Жәбірленуші мен Т.Бадагулов арасында ұрыс болған, сол кезде ол өзінің жайылмалы пышағымен жәбірленушінің денесіне соққы  жасаған.

Сараптама қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Сот талқылау барысында тараптармен процессуалдық келісім жасалды.

Ауылдық мекенде «Медиация кабинеті» ашылды

13/04/2016

Зайсан ауданы «Дайыр  ауылдық  округі  әкімі  аппараты»  ММ-де салтанатты түрде «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев, кәсіби емес медиаторлар Б.Амренов, Б.Касенова, Дайыр  ауылдық  округі  әкімі  аппараты»  ММ-нің әкімі Б.Балғабаев, осы әкімдіктің бас маманы Г.Мамраева, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері  және ауыл халқы қатысты.

Медиатор ерлі –зайыптыларды татуластырды

13/04/2016

Күршім аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 2-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) бойынша  Ж.Болатовқа  қатысты әкімшілік істі қарады.

Глубокое аудандық сотында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

13/04/2016

Глубокое аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабы, 2-бөлігімен (есiрткi заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) көзделген қылмыстық әрекет жасаған В.Галактионовқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, В.Галактионов «Ертіс» өзенінің жағасында жабайы өсетін марихуана-сораның сабақтарын жинап, кептіріп, өзі қолдану үшін сақтағандығы анықталды.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

13/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 461-бабында (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Пивкинге қатысты әкімшілік іс қаралды

Сотты құрметтемеу – заңды құрметтемеу

13/04/2016

Семей қалалық соты  «Маяковский атындағы орта мектеп» ҚММ-нің Г. Тұрлыбековадан берешегін өндіру туралы азаматтық істі қарау барысында әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды.

Жауапкер түсініктеме беру барысында бекітілген тәртіпті бұзып, іс бойынша төрағалық етушінің сан мәрте ескертуіне құлақ аспай, қыр көрсетіп сағыз  шайнағандығын қоймағандықтан, үзіліс жарияланды.

Құқық бұзушылықтың дәрежесін ескерген сот құқық бұзушыны ескерту түріндегі әкімшілік жауапқа тартты.

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Онлайн- сауалнама» тақырыбында семинар өткізілді

13/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Онлайн- сауалнама» тақырыбында семинар өткізілді.