Архив событий

22/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында электрондық атқару құжаттарын жолдау сұрақтары талқыланды

22/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотының  жедел кеңесінде,  бас мамандар-сот отырысының хатшылары және кеңсе мамандарының қатысуымен  электрондық  атқару құжаттарын жолдау сұрақтары талқыланды.

Сотталушы мен жәбірленушінің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды

22/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2016 жылдың 11 қаңтардағы  үкімімен О.Федоринов  КҚ-нің 24- бабы, 3-бөлігімен, 99-бабы, 1-бөлігімен  (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу,  яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату)  8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.  

Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

22/04/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.Асташенко автокөлігін басқарып келе жатқанда көшедегі сол жаққа бұрылыста, маневрдің қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Renault Duster маркалы автокөлікпен қақтығыс жасағандығы анықталды.

Күршім аудандық сотында 2016 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өткізілді

22/04/2016

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров БАҚ өкілдерінің қатысуымен Күршім аудандық сотының 2016 жылғы 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде  баспасөз мәслихатын өткізді.

Апелляциялық сот сатысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

22/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2016 жылдың 11 ақпандағы үкімімен М.Резван  КҚ-нің 99-бабының 2-бөлігі, 7-тармағымен  (адам өлтiру, адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасаған әрекет)15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын  түзеу колониясының  қатаң режимінде өтеу белгіленген, С.Бруслинский ҚК-нің 99-бабының, 2-бөлігі, 7-тармағымен  кінәлі деп танылып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тәрбилеу  колонияның жалпы режимінде өтеуге  сотталған.    

Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті

22/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотында  жұбайын асырауға алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

Сотта   тараптардың некеде тұрағандығы,  некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар екенін, жауапкермен заңды некелері сот арқылы бұзылғанын, қазіргі уақытта баласы өзінің асырауында екенін, өзі жұмыс істемейтінін, жауапкер тарапынан материалдық көмек жоқ екенін  көрсетіп, жауапкермен өзінің пайдасына ортақ балалары үш жасқа толғанға дейін өзін асырау үшін  алимент өндіруді сұраған.

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған

22/04/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 496-бабы, 2-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген мерзімінде басқа мемлекеттің азаматтығын алу факты туралы хабарламау) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта А.Голубицкий Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда А.Голубицкий заңнамада көрсетілген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағандығы анықталды. А.Голубицкий өз әрекеттерімен Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы Заңнамасын бұзған.

Билік өкілін қорлағаны үшін сотталды

22/04/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігімен, 379- бабының, 1-бөлігімен, 380-бабының, 1-бөлігімен (билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде жария түрде қорлау, билік өкілінің заңды талабына  немесе өкіміне бағынбау, билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша азамат Р.Берікжановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары өртке әкеліп соқты

22/04/2016

Семей қалалық соты С.Пашенцеваның Т.Қорабаевтан материалдық шығынды өндіру туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта жауапкер электр желілерін іске қосуда өртке қарсы қауіпсіздік ережелері бұзған, салдарынан қоқыс өртеніп, артынан оның гаражы да өртке оранып арызданушыға тиесілі баспананың төбесін де шарпып өткендігі анықталды. Полиция бөлімшесінің аға анықтаушысының қаулысымен өрт оқиғасынан кейін сотқа дейінгі іздестіру материалдары бойынша өндіріс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қысқартылған.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралуда

22/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен, адамдар тобымен адам өлтірген, төрт сотталушыға қатысты сот талқылауы басталды.

Алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

22/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің  378-бабының, 1-бөлігімен, 379-бабының, 1-бөлігімен (билік өкiлiн қорлау, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау) қарастырылған қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін А.Ортқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару

22/04/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) бойынша А.Бурцевке қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот өтініш білдірушінің анасымен арнайы қоныста болғандығы туралы заңды фактіні растады

22/04/2016

Семей қалалық сотымен бірге тұру туралы заңды дәлелге қатысты азаматтық іс қаралды.

Өтініш иесі А.Хриспенс сотқа  анасымен арнайы қоныс орында болғандығын растауға жүгініп, оның 1931 жылғы анасы  Э.Хриспенс 1941 жылдан 1956 жылдың қаңтарына дейін Тюмень облысында арнайы қоныста болып, қозғалу мүмкіндігінен шектелгендігін айтқан. Қазіргі таңда саяси қуғын – сүргіннің құрбаны ретінде ол арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы, алайда анасымен арнайы қоныста болғандығын растаушы құжаттардың жоқтығына орай дәлелдей алмауда.  

Зырян аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

22/04/2016

Зырян аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы, 1- бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Экономикалық сотта «Сот шешімі және оның орындалуы» тақырыбында семинар өткізілді

22/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы А.Рамазановтың төрағалық етуімен «Сот шешімі және оның орындалуы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған тақырыпта  судья А.Сейлғазинованың баяндамасы тыңдалды. Судья сот шешімі және оның орындалуына қатысты Азаматтық процестік кодексінің және  басқа да заңнамалық актілердің нормаларын айтып өтті.

Жеке айыптауға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 108-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) Т.Шишкинаның шағымы бойынша  Н.Шишкинге қатысты қозғалған жеке айыптау тәртібінде қылмыстық  іс қаралды.

Сотта сотталушы Н.Шишкин жәбірленуші Т.Шишкинаның денсаулығына жеңіл зиян әкелген қасақана дене жарақатын келтіргені анықталды.

Сот талқылауында, кәсіби медиатордың қатысуымен медиативтік келісімді бекітулеріне байланысты, жәбірленушіден және сотталушыдан қылмыстық істі қысқарту туралы арыз түсті.

Кінәні мойындау, процестік келісім және оны жасау тәртібі

22/04/2016

Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде қарастырылған процестік келісім жасау  институты қылмыстық  іс жүргізу заңнамасының маңызды әрі тиімді жаңашылдығы болып табылады. Процестік келісім прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы арасындағы қылмыстық процестің кез келген сатысында немесе сотталғандарға Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тәртібі мен негіздері бойынша  жасалады.