Экономикалық сотта «Сот шешімі және оның орындалуы» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот төрағасы А.Рамазановтың төрағалық етуімен «Сот шешімі және оның орындалуы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған тақырыпта  судья А.Сейлғазинованың баяндамасы тыңдалды. Судья сот шешімі және оның орындалуына қатысты Азаматтық процестік кодексінің және  басқа да заңнамалық актілердің нормаларын айтып өтті.

Баяндаушы судья қатысушылардың назарына сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiзделетінін жеткізіп, сот актілерінің дайындалу мерзімі – түпкілікті нысандағы шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес күннен аспайтын мерзімі туралы айтып өтті. Сонымен қатар, шешімді түсіндіру, шешімді орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешімді орындатуға жібергенге дейін оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, алып берiлген ақша сомаларын индекстеу жөніндегі негізгі мәселелер айтылды.

Семинарлық сабақ аясында, сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысатын басқа тұлғаларға шешімнің көшірмелерін жолдау мәселесі талқыланды. Азаматтық процестік кодекстің 234-бабына сәйкес сот отырысына келмеген тараптарға және іске қатысатын басқа тұлғаларға шешімнің көшірмелері шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып, салып жіберіледі немесе беріледі.

Семинардың қорытындысында судья қызығушылық танытқан барлық сұрақтарға жауап берді.

 

ШҚО МАЭС

баспасөз қызметі