Зырян аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы, 1- бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта М.Мосяковтың қоғамдық орнында темекі қалдығын жерге тастағандығы анықталды. Осы әрекеттерімен айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, ортақ пайдалану орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен М.Мосяков Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы, 1-бөлігінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде 1 тәулікке қамаққа алу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі