Архив событий

14/04/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

14/04/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Комиршиновтың төрағалығымен   облыс соттарының 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Комиршинов, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чакпантаев, ШҚО бойынша соттар әкімшісінің орынбасары Т.Казакова, БАҚ-пен байланыс жұмыстарын үйлестіруші-судья Е.Утешев және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

«Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/04/2016

Зайсан аудандық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына сот төрағасы Б.Мергембаев, судьялар Н.Хасенбаев, Г.Нұртазинова, Ш.Оспанова, кеңсе меңгерушісі К.Игілікова, аға сот жасауылы М.Молданов және мамандандырылған күзет бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты.

Мұрагерлер дауды партисипативті процедура арқылы реттеді

14/04/2016

Семей қалалық соты мұрагерлік мүлікті бөлісуге қатысты азаматтық істі қарады.

Талапкерлер, жауапкерлерге мұрагерлік мүлікті бөлуге қатысты талап арызымен жүгінген. Талап арызда туыстары болып келетін 2003 жылы бақилық болған жаннан баспана түрінде жылжымайтын мүлік қалғандығын көрсеткен. Соттан мұрагерлік мүлікті бөлу арқылы 888 000 теңге көлемінде ақшалай үлес өндіруді сұраған.  

Риддер қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

14/04/2016

«Ашық есік күні» халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттырып, құқықтық мәдениетін жоғарылататыны белгілі. Өйткені кей азаматтар сот қызметі туралы жете біле бермейді.

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Шара барысында сот төрағасы азамттардың сұрақтарына жауап бере отырып, қаланың әр тұрғынының апта сайын өткізілетін «Ашық есік күндеріне»  қатысуы сот жұмысымен  нақты танысуға мүмкіндік беретінін  айтып өтті.

Арызданушы мен сот орындаушысы дауды медиация тәртібімен реттеді

14/04/2016

Семей қалалық соты Б.Жылқыбаеваның жеке сот орындаушысымен шығарылған қаулыны заңсыз деп танып, оны жою жөніндегі талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта сот орындаушысының арызданушыға қатысты еңбек ақысының 50 пайызын «БанкХоумКредит» АҚ пайдасына 212 709 теңге көлемінде қарызды өндіру туралы қаулы шығарғандығы анықталды.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

14/04/2016

Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің  389-бабының, 3-бөлігімен, яғни «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа адаммен дауласып жатқан, өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше күш қолданумен жүзеге асыру» туралы қылмыстық ісі қаралды.

Сотта, сотталушы қарыз ақшасын алу мақсатында жәбірленушінің үйіне барып шу шығарып, үйіндегі жиһаздарын ақтарып, оған қол көтеріп, үйінде тұрған бір бас сиырын алып кеткендігі анықталды.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 3 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

14/04/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатына судьялар, мамандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Әли 2016 жылдың 3 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында барлығы  - 109 іс, оның ішінде 10- қылмыстық, 45-азаматтық және 54- әкімшілік іс қаралғанын атап өтті.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

14/04/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында  медиация институтын жүйелі түрде жетілдіру жұмыстары тұрақты жүргізудің нәтижесінде тағы да бір әкімшілік іс медиация рәсімін қолданумен аяқталды.

Азамат С. Таимов «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының, 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған, яғни алкогольдік масаң күйінде өз үйінде жұбайын балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, жанұясының тыныштығын бұзған.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін қамауға алынды

14/04/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚбтК-нің 434-бабы, 2-бөлігі  (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) жасаған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін жауапкершілікке тартылды

14/04/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 482-бабының, 1-бөлігімен (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) қарастырылған  М.Тастеновқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот жүйесіне жаңа кадрларды дайындау

14/04/2016

Семей қаласы №2 соты «Сот жүйесіне жаңа кадрлар дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге судья-модератор Ж.Абенова, Қазақ инновациялық гуманитарлы – заң университетінің жоғарғы курсының студенттері қатысты.

Болашақ жас заң саласының мамандары үшін сот ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер сот қызметкерлерінің жұмысымен танысып, сот жүйесі аясында қолданылатын жаңа технологиялар туралы хабардар болды.

«Ашық есік күні»

14/04/2016

Глубокое аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Б.Кәсенов жүргізді.

«Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін арттыру мақсатында өткізіледі.

Сот төрағасының қабылдауына істер бойынша талапкер немесе жауапкерлер ретінде қатысқан, жеке және заңды тұлғалар келді.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

14/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта, сот қаулысына сәйкес Т.Садықовқа бірқатар міндеттемелер жүктелген, нақтырақ айтқанда, ішкі істер органымен белгіленген уақытта  мекен-жайынан кетпеуге, ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етпестен тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға тыйым салынған болатын, алайда, Т.Садықовтың аталған сот актісін орындамғандығы анықталды.