Архив событий

15/04/2016

Салық төлемегені үшін сотталды

15/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында салық төлеуден жалтарғаны үшін сотқа берілген Н.Гурскийға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, Н.Гурский өз алдына жеке кәсіпкер субъектісі бола тұра және сенімхат мәліметіне, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне жауапты, салықтық есептемеде бейнеленген, пайдакүнемдік ниетті басшылыққа ала, бухгалтерлік құжаттарда шығындарды бұрмалап әдейі көрсеткен,  фирмалардан белгісіз тұлғалардан бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жалған алған. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы 34 438 290 теңгені құрады.

Есірткі заттарын заңсыз сақтап, мемлекеттік шекара арқылы тасымалдағаны үшін сотталды

15/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-тармағы, 286-бабының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға әрекет), 296-бабының 2-тармағы (есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасымалдау) бойынша сотқа келіп түскен азамат Г.-ге қатысты қылмыстық істі қарады.

Экономикалық сотта «Сот шешiмін орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

15/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында төраға А.Рамазановтың төрағалық етуімен «Сот шешiмін орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған тақырыпта судья Ж.Изенбаеваның баяндамасында сот шешімін орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту үшін реттелген Азаматтық процестік кодекстің және басқа нормативтік құқықтық актілердің нормаларына тоқталды.

Шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз болу мерзімін бұзуы

15/04/2016

Бородулиха аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (шетелдіктің ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей ел аумағында болу мерзімін, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Ресей Федерациясының азаматшасы Б.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Бесқарағай аудандық сотында «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді

15/04/2016

Бесқарағай аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдрахманов 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот қызметі жөнінде баяндады, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді атап өтті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтырмен бөлісті.

«Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

15/04/2016

Зайсан аудандық сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына сот төрағасы Б.Мергембаев, судьялар Н.Хасенбаев, Г.Нұртазинова, Ш.Оспанова, кеңсе меңгерушісі К.Игілікова, аға сот жасауылы М.Молданов және мамандандырылған күзет бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін басқару құқығынан айыру жазасына тартылды

15/04/2016

Бородулиха аудандық соты көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған тұлғаға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Азамат Б. Бородулиха ауылында масаң күйінде бола отырып, «ВАЗ-2121» автокөлігін басқарып, Жолда жүру ережесінің 2.4.2-тармағын бұзғандығы анықталды. Дәрігерлік куәландыру кезінде оның орта деңгейдегі алкогольдік масаң күйде болу фактісі расталған.

Риддер қалалық сотында татуласу ресімдері аясында бірлесіп әрекет жасау туралы Меморандумды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

15/04/2016

Риддер қалалық сотында «Татуласу ресімдері аясында бірлесіп әрекет жасау туралы Меморандумды талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның жұмысына  сот төрағасы Т.Адаспаев, Достық үйінің директоры А.Жаббарова, қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы А.Эсенова, Поляк этно-мәдени коғамының жетекшісі М.Санникова, Риддер қаласының кәсіби медиаторлары Л.Манакова, М.Данилова және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды

15/04/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚбтК-нің 669 –бабы бойынша (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық  құжатты орындамау) бойынша азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, сот шешімімен азамат М-дан кәмелетке толмаған баласына алимент өндірілген, алайда осы күнге дейін алимент өндіру бойынша сот шешімі орындалмағаны анықталды.

Бесқарағай аудандық сотында «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинар өткізілді

15/04/2016

Бесқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі М.Алимханова «Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді. Семинарға  барлық кеңсе мамандары қатысты.

Кеңсе меңгерішісі сабақ тақырыбы аясында сот ісін жүргізуіне хабарлама, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, электрондық пошта, сот кабинеті, сот отырыстарын аудио-видео, сот жүйесіндегі жүзеге асырылған интернет-ресурстар және т.б. инновациялық технологияларды енгізу ерекшелігі туралы айтты.

Күршім аудандық сотында «Медиация-бітімгершілікке апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/04/2016

Күршім аудандық сотында «Медиация –бітімгершілікке апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Күршім ауданының кәсіпқой емес медиаторлары: Е.Жангудеев, Н.Қайыров, Ш.Маденов, Н.Кисамбин  қатысты.

 Іс-шара барысында Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров жаңа Азаматтық-процестік кодекстің жаңашылдықтары, атап айтқанда, дауларды медиация және партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеудің ерекшеліктері мен оны рәсімдеу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды

15/04/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚбтК-нің 461-бабы бойынша  (қорғау нұсқамасын бұзу) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат  С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот отырысында, бұрын азамат С-ға қатысты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның 20-бабына сәйкес қорғау нұсқамасы шығарылғандығы анықталды. Азамат С., ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасымен тыйым салынғанға қарамастан қорғау нұсқамасын бұзып, заңға қарсы әрекет жасаған.

Зырян ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін атқару жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

15/04/2016

Зырян ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы А.Каленов және Зырян аудандық сотының төрағасы А.Исмагулов  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігі жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Зырян аудандық соты 2016 жылдың 1-тоқсанындағы атқарылған жұмыстарын қорытындылады

15/04/2016

Зырян аудандық соты, №2-ші Зырян аудандық сотымен бірлесе отырып, 2016 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Зырян аудандық сотының төрғасы А.Исмагулов 2016 жылдың 3 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтер келтіріп, істердің санаттары бойынша 2015 жылмен салыстыра отырып талдау жасады.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізілді

15/04/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп «Террористік акт немесе басқа құқыққа қарсы қауіп-қатер туындағанда ұжымның іс әрекеті» тақырыбында семинар өткізілді.