Архив событий

20/04/2016

Ар-намысты қорғаудан бас тартылды

20/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты Б.Зиновьевтың, Е. Зиновьевтың, Л.Зиновьеваның Т. Родионоваға ар-намысты қорғау, талапкерлердің құқықтарын бұзатын немесе бұзуға қауіп тудыратын іс-әрекеттер жасауға тиым салу, әрқайсысының пайдасына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Семей қаласының ювеналды сотында кәмелетке толмағандармен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдар бойынша көкейкесті мәселелер талқыланды

20/04/2016

Семей қаласының Ішкі істер басқармасының ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Р.Байжұманованың, ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысының, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасының, Семей қаласының прокуратурасының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелердің  әкімшілік-юрисдикциялық қызметі. Көкейкесті мәселелер» тақырыбында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына семинар-кеңес өткізілді.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының, 8-бөлігімен жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруғаны үшін, осы кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған  Г. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қарызды өндіру туралы дау партисипативтік рәсіммен шешілді

20/04/2016

Семей қалалық соты  қарызды өндіру туралы азаматтық істі қарады.Сотта,  жауапкердің талапкерден  6 күнге 100 000 теңге көлемінде берешек алғандығы анықталды. Алайда, осы күнге дейін жауапкерден өтеуін талап еткенімен, қарыз қайтарылмаған.

Істі қарау барысында тараптар партисипативті рәсім тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді. Оның шарттары бойынша жауапкер әр айдың бесінде 25 000 теңгеден қарызын қайтарып отыруға міндеттелді, ал, талапкер осы кезегінде талап-арызынан бас тартты.

Өскемен қалалық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/04/2016

Өскемен қалалық сотында  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкер қолхат бойынша 7500 АҚШ долларын алып, оны тараптармен белгіленген мерзімде қайтаруға келісілгендігі анықталды. Алайда, жауапкер  қарызды қайтару бойынша шартты орындамаған.

Глубокое аудандық соты шартты жазадан босатты

20/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотында Н.Пичугинге қатысты пробация қызметінің шартты жазаның күшін жойып, соттылықтан босату туралы ұсынымы қаралды.

Өскемен қаласының №2 қалалық сотымен  Н.Пичугин  ҚК 298-бабы, 3-бөлігі (1997 жылғы 16 шілдедегі редакция) бойынша екі жылға шартты сынақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған. Н.Пичугин  үкім заңды күшіне енгеннен кейін Глубокое ауданының пробация қызметінің есебіне алынған.

Тараптар сотта татуласты

20/04/2016

Жеке кәсіпкер Л.Дмитриева жеке кәсіпкер Н.Солодовниковаға, жеке кәсіпкер С.Жаринаға жалға алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Қылмыстық жауаптылықтан босатылып, мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

20/04/2016

Тарбағатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 293-бабы, 1-бөлігі  (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) бойынша  А.Абиловаға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта А.Абилова жергілікті мекеменің ғимаратында мекеме қызметкерін балағаттап, бұзақылық ниетпен қызметтік кабинеттің кіреберіс есігін сындырғаны  анықталды. 

Сот көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырды

20/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында ҚР ӘҚБтК 608-бабы, 1-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) Д.Карлға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Д.Карл жол жүру ережесінің талаптарын  өрескел бұзып, жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде автокөлікті жүргізгендігі анықталды.

Сот қаулысымен Д.Карл ҚР ӘҚБтК 608-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.

Мәжбүрлі емделуге жіберілді

20/04/2016

Зырян аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының  «Зырян ауданының Психиатриялық диспансері» КМҚК-нің азамат М.-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеу үшін наркологиялық орталыққа жіберу туралы азаматтық істі қарады.

Сарапшының қорытындысында замат М. маскүнемдіктен азап шегіп, мәжбүрлі түрде емделуге жататыны көрсетілген.

Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

20/04/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының, 3-бөлігі (атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша азамат А.Масалимовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Іс материалдарынан, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізуі барысында азамат А.Масалимовтың ТОЗ-8 маркалы, калибрі 5,6 мм, иір ойықты атыс қаруын заңсыз сақтап жүргенін анықтаған.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/04/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 190-бабының, 1-бөлігімен, алаяқтық, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену түріндегі қылмысты жасаған Д. Кенжебековқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аталмыш іс бойынша сот отырысында тараптарға істі медиация тәртібінде тоқтату мүмкіндігі түсіндірілгеннен кейін, жәбірленуші мен сотталушы медиаторға жүгіну үшін соттан уақыт беруді сұрады.

Катонқарағай аудандық сотында «Электрондық санкциялау және атқарушылық құжаттарды электронды орындау» тақырыбында семинар өткізілді

20/04/2016

Сот жүйесінде заманауи озық ақпараттық технологияларды пайдалану сот төрелігін оңтайландыруда тиімді және болашағы зор бағыттың бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Республика бойынша  Жоғарғы Сот және Әділет министрлігімен соттардан атқарушылық құжаттарды электронды түрде алу және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электрондық санкциялауы бөлігінде кіріктіру енгізілген.

Ғасыр дерті – нашақорлық өсуде

20/04/2016

Глубокое аудандық сотында сот төрағасы Б.Касенов «Аудандағы нашақорлықтың өсу мәселесі, онымен күресудің алғышарттары» тақырыбында баспасөз-мәжілісі өткізілді.

Мәжіліс прокуратура, аудандық полиция бөлімі мен денсаулық сақтау қызметкерінің, кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекциясының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жіберілді

20/04/2016

Аягоз аудандық сотында К.Жарқымбаеваны мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жіберу туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, К.Жарқымбаеваның ішімдікке әуестігі 36 жылдан бері үздіксіз жалғасып келетіні, ішімдіктің салдарынан некеден ажырасып, екі баласына қатысты аналық құқығынан айырылғаны, аналық құқығынан айырылса да,  өзіне тиісті қорытынды жасамай түзелу жолына да түспегендігі анықталған.