Архив событий

27/04/2016

ҚазТЕСТ бағдарламасымен таныстыру

27/04/2016

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл – еліміздің барлық жерінде барлық қоғам қатынасындағы  мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу тілі. Қазіргі таңда қазақ тілінің мәртебесі, оның қоғамдағы маңызы артып, кеңінен қолданылуда.

Семей қаласының ювеналды сотында сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізілді

27/04/2016

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сот жүйесінің ардагері, Зырян аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған, Бородулиха аудандық сотының төрағасы лауазымынан зейнетке шыққан Е.Исхаков келді.

Сот төрағасы Р.Ақпар сот ғимаратында экскурсия жүргізіп, сонымен қатар, сот жүйесінің, соның ішінде ювеналды соттың қалыптасуы мен дамуы туралы мұражайдағы тарихи естеліктермен таныстырды.

Дауды татуласу рәсімімен реттеу

27/04/2016

«Шығыс Алтай Сауда» ЖШС-сі А.Воеводина ЖК-не қарызды өндіру туралы талап арызымен Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Азаматтық істің материалдарына сай, жеткізу шартының негізінде талапкер жауапкердің мекен-жайына тауарды жеткізуге, ал жауапкер тауарды қабылдап, төлеуге міндеттелген. А.Воеводина ЖК жартылай төлем жасап, қалған бөлігін төлемеген,  қарыз сомасы1 998 991 теңгені құрайды.

Өскемен қаласының №2 сотындағы медиаторлардың ауқымды жұмыстарының нәтижесі

27/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында 2015 жылдан бастап татуластыру бөлмесі жұмыс істеп келеді. Медиация бөлмесі жиһазбен және медиация жайлы ақпараттық тақтамен жабдықталған, медиатордың көмегімен татуласамыз деген азаматтарға барлық жағдайлар жасалған. Ал медиаторлар өз кезегінде қылмыстық істер бойынша жұмыс жасауға тең мүмкіндіктерге ие.

Медиаторлардың жүргізген ауқымды жұмыстарымен сотта  2016 жылдың 1 тоқсанында 59 қылмыстық іс тараптардын  татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды.  

Үржар ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерінің орындалмау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/04/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерінің орындалмау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Үржар ауданының №2 аудандық сотының судьялары, мамандары және Мақаншы аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы Е.Оразалиев қатысты.

Семей қалалық сотында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

27/04/2016

 

Семей­ қалалық сотында кезекті "Ашық есік күні­" болып өтті. ­Аталған шара сот төрелігінің ашықтығы ме­н қолжетімділігін, сондай-ақ сотқа жас заңгерлерді тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл күні со­тқа «­Қ­айнар» коллед­жінің түлектері келді. Студент­тер сот жұмысының ұйымдастырылуымен, оны­ң ішінде арыз талаптарын беру әрі қарау ­тәртібімен танысты. Қатысушыларды, әсіре­се сот отырыстары залдарын аралау қызықт­ырды.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тренинг өткізілді

27/04/2016

Семей қаласының ювеналды сотының психологы А.Ержанова судьялар мен мамандарға тұлға ретінде өсуге арналған тренинг өткізді.

Тренингті өткізудің басты мақсаты – эмоционалдық жанып-күюдің алдын алу, көңіл-күй ортақтығын және өз мінез-құлқын реттеуді дамыту, ұжымда ауызбіршілікті орнату, қатысушаларда «Мен – тұжырымдама» деген позитивті ойды дамыту болып табылады.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен қоғамдық жұмысқа тартуға сотталды

27/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша А.Передереевқа қатысты жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Сотта, А.Передереев масаң күйінде  жәбірленуші екеуінің арасында туындаған жан-жал кезінде, оған соққы жасағандығы анықталды. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. 

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

27/04/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабынынң 1- бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша А.Айхинбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

№1 Ювеналды соттың судьясы БҰҰ бағдарламасының ортақ басқару комитетінің отырысына қатысты

27/04/2016

Шығыс қазақстан облысының әкімшілігінде 2011-2015 жылдарда жетістіктерімен қорытындыларын ұсыну мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының «Өңірлік жоспарлауға инновациялық өзгерістерді енгізу арқылы өңірдің бәсекелестігін арттыру және халыққа қоғамдық қызмет көрсету» бағдарламасының ортақ басқару комитетінің отырысы өткізілді. 

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

27/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын ластау, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн әрекеттер)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ю.Никитинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Ю.Никитиннің қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын жерге тастағандығы анықталды. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік білдірген және қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

27/04/2016

Глубокое аудандық  сотында ҚР ӘҚБтК  434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша Е.Лангқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді

27/04/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Аталған тақырыпта соттың кеңсе меңгерушісі С.Тұратпаевтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамада Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілгендігі атап өтілді.

Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылды

27/04/2016

Өскемен қалалық  сотында азамат ӘҚБК 653-бабының, 1-бөлігі (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) бойынша «C-ға» қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы

Сотта «Атқарушылық іс жүргізу. Жеке сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау» тақырыбында семинар өткізілді

27/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Атқарушылық іс жүргізу. Жеке сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасы А.Рамазанов, судьялар Қ.Ілиясов, Ж.Изенбаева, В.Качан, А.Салимов, Н.Ибраева, А.Майжанова, Ш.Исенова, А.Кужамбетова, А.Сейлгазинова, кеңсе меңгеруішісі С.Тұратпаев, кеңсе мамандары және «ШҚО жеке сот орындаушыларының аймақтық алқасы» төрағасының орынбасары К.Тұңғышпаев қатысты.

Медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

27/04/2016

Өскемен қалалық сотында материалдық залалды және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкер кесірінен жыл бойы бірнеше рет талапкердің пәтерін су басқандығы анықталды. Ол ПИК төрағасының және куәгерлердің қатысуымен жасалған зерттеу актісімен дәлелденген.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде бітімгершілікке келу арқылы  өзара келісімге келді. Келісімге сай жауапкер келтірілген материалдық және моральдық зиянға 150 000 теңге өтеуге міндеттелді.

Үржар аудандық сотында «Мұраға қалдыру және одан туындайтын мәселелер. Құжаттардың көшірмелерін растау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

27/04/2016

Үржар аудандық сотында «Мұраға қалдыру және одан туындайтын мәселелер. Құжаттардың көшірмелерін растау»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Үржар ауданының нотариустары қатысты.

Неке медиацияның көмегімен сақталды

27/04/2016

Өскемен қалалық  сотында неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.  Талапкер мен жауапкердің ара-қатынастарының шырқы бұзылғандықтан, сотқа арадағы  некені бұзу туралы арызымен шағымданған. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт мінездері сәйкес келмегендіктен бөлек тұрған. Ортақ некеден екі балалары бар екендігі анықталды.

Сот талқылауы барысында талапкердің жауапкермен татуласуына байланысты, өзінің талап-арыздарынан бас тартты.