Архив событий

04/04/2016

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл салынды

04/04/2016

Көкпекті аудандық сотында ӘҚБтК-нің 681-бабымен (мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы) қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған Н.Тоянкеновке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұлан ауданының Азовка ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды

04/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №2 Үлан аудандық  сотының 2015 жылғы 14 желтоқсанындағы үкімімен М.Солтаниянов ҚК-нің 314-бабының 2-бөлігімен (қызметтiк жалғандық жасау, яғни лауазымды адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 704 000 теңге соммасында  2 000 АЕК көлемінде айыппұл салу жазасына сотталды.  

ШҚО Тарбағатай аудандық сотының лауазымдық тұлғаға қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды

04/04/2016

Тарбағатай аудандық сотының үкімімен Э.Ибраев  ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағымен  (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қарастырылған қылмысты жасағыны үшін кінәлі деп танылды.

Бас бостандығын шектеуге сотталды

04/04/2016

Зырян аудандық соты ҚК-тің 188-бабы, 2-бөлігі, 2,3-тармақтары (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) бойынша азамат Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Ш. алкогольдік масаң күйінде, еш кедергісіз жолмен екі рет Орталық аудандық ауруханадан материалдық құндылықтарды ұрлап, 37 350 теңге сомасына залал келтірген, сонымен қатар жәбірленуші С-ның үйіне кіріп, 126 700 теңге сомасындағы мүлікті ұрлаған.

Автокөлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

04/04/2016

Катонқарағай аудандық сотында  ӘҚБК-нің 608-бабының, 1-бөлігінде (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған  А.Тюлюмысовқа қатысты   әкімшілік іс қаралды.

Сотта А.Тюлюмысов автокөлікті алкогольді масаң күйінде басқарып келе жатқанда полиция қызметкерлерімен ұсталғандығы анықталды.

Көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы қаулы заңды күшіне енді

04/04/2016

Күршім аудандық сотында  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқару) қарастырылған  азамат А.Бөкешовке қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотта  А.Бөкешов көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны анықталды.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, құқық бұзушы  жеңіл алкогольдік масаң күйде болған.

Ұлан аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы тиісінше толтырмағаны үшін учаскелік инспекторлардың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/04/2016

Ұлан аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық  туралы хаттаманы тиісінше толтырмағаны үшін  учаскелік инспекторлардың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізді.

Семинар сабағы өткізілді

04/04/2016

Өскемен қалалық сотында «ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

ЖШС директоры әрі жұмыссыз қалған жұмысшы арасында бітімгершілік келісім бекітілді

04/04/2016

Семей қалалық соты Е.Шарафутдиновтың  «АзияПромЭнерго» ЖШС-не жұмыстан босату туралы бұйрықтың өзгертіліп, міндетті зейнетақы төлемдері, еңбек ақы мен моральдық шығын өтемақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін қамаққа алынды

04/04/2016

Катонқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Б.Есенбаевқа  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

04/04/2016

Шығыс-Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен (процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк)) қарастырылған құқық бұзушылықты

Татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

04/04/2016

Зырян аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы,1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша құқық бұзушылықты жасағаны үшін Л.Калачиваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта, А.Калачикова өзінің үйінде алкогольдің масаң күйінде, ұрыс-керіс барысында бірге тұратын анасына балағат сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, олардың тыныштығын бұзғандығы анықталды.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы атқару парағын жолдау

04/04/2016

Қазақстан Республикасының барлық соттарында «Төрелік» Ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат бойынша аумақтық жеке сот орындау палаталарына  және Әділет органдарына атқарушылық  парақтарын орындау үшін жіберудің жаңа жүйесі енгізілді.

Өскемен қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

04/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары К.Садуақасова, С.Бекишева  және «Мой город» газетінің тілшісі Р.Кудинов, «Менің өлкем» газетінің тілшісі А.Орынбаевтың қатысуларымен брифинг өткізді.

ШҚО Өскемен қалалық сотында «Донор күні» өткізілді

04/04/2016

Бүгін  Өскемен қаласының Қан орталығының бригадасы Өскемен қалалық сотында болды.  Өскемен қалалық сотының мамандары  Өскемен қаласы Облыстық Қан орталығының қанға мұқтаж жандарға қан тапсыру бастамасына қолдау көрсетті.

Өскемен қаласы Облыстық Қан орталығының трансфузиолог-дәрігерлері Өскемен қалық соты  арнайы дайындап берілген бөлмеде донорларды қабылдады. Бұл  күні соттың 10-нан  астам қызметкерлері  донор болуға ниеттерін  білдіріп қан тапсырды.

«Мемлекеттік тіл - сот өндірісінде» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/04/2016

Ұлан аудандық сотында «Мемлекеттік тіл - сот өндірісінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Ұлан аудандық сотының бас маманы Р.Чамакаев, адвокат А.Шотанова, «Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің заңгері Н.Оралбек, Ұлан ауданының учаскелік инспекторлары А.Қуанышбаева және Н.Бақболатұлы, «Жемчужина» жеке пәтер иелері  корпоротивінің өкілі А.Ануарбеков, аудандық әкімшіліктің өкілі А.Амангелді, «Ұлан таңы» газетінің тілшісі Э.Ахметова қатысты.