Архив событий

07/04/2016

Семей қалалық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

07/04/2016

Семей қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлық­қа қарсы күрес туралы және Қазақстан Респ­убликасы мемлекеттік қызметкерлерінің эт­икалық Кодексін түсіндіру» ­тақырыптарында семинар болып өтті.

 Семинарға сот с­удьялары мен мамандары қатысты. Іс-шаранының модераторлары болып - С­емей қалалық сотының төрағасы Т. Қасымо­в, Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы А.Айтпай, ішкі қауіпс­іздік және бойынша жемқорлыққа қарсы күрес бөлімнің басшысы Қ.Хасе­нов жүргізді.

Өскемен қалалық соты дауды медиация тәртібімен реттеді

07/04/2016

Өскемен қалалық сотында келісім шартының бұзылуына байланысты Lada, маркалы авто көлігін қайтару,  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында жауапкер  автокөлікті  жалға алу туралы  талаптармен нотариалды түрде  бекітілген келісім шартты орындамаған. Жауапкер келісім шарттың негіздерін бұза отырып жалға алу  өтем ақысының  өсуіне жол берген.

«Сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасындағы сауалнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2016

Глубокое аудандық сотында «Сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасындағы сауалнама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш іс-шараға прокуратура, әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығының, коммуналдық ұйымдардың, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік кірістер басқармасы, төтенше жағдайлар департаментінің  өкілдері қатысты.

Бесқарағай аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық сотында М.Скрипниковтың А. Гончаровадан  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында жауапкер қарызды толық көлемде қайтарғандықтан, сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім түсті.

Медиативтік келісім шарттары заңға қайшы келмейтіндіктен, басқа тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындықтан сот медиативтік келісімді бекітті.

Әкімшілік қамауға алынды

07/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдалану орындарын ластау, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн әрекеттер)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Нұрымбековқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта С.Нұрымбековтің қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын жерге тастағандығы анықталды. Осы әрекеті арқылы ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік білдірген және қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген.

Өскемен қалалық соты заңды маңызы бар фактіні анықтады

07/04/2016

Өскемен қалалық сотына азаматша Д еңбек кітапшасындағы  маңызы бар фактісін анықтау бойынша арызбен жүгінді.

Сот азаматша Д-нің еңбек кітапшасында оның тегі қате жазылып, нәтижесінде, арызданушының еңбек кітапшасындағы тегі оның жеке куәлігіндегі тегіне сәйкес келмейтіні анықталды.

Арызданушының еңбек кітапшасындағы маңызы бар фактіні анықтау оның зейнетақы алу үшін қажет екендігін айтып көрсетті.

Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

07/04/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысында сот төрағасы Г.Оспанова, кеңсе меңгерушісі Г.Ильбисинова, сот қызметкерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін атқарудың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді

07/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «2016 жылдың 1 тоқсанындағы сот төрелігін атқарудың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.  Баспасөз –конференциясына «Менің өлкем» , «Мой город»  и «Устинка» газеттерінің тілшілері қатысты.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

07/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот актілерінің орындалу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиынға сот төрағасы С.Ибраев, судьялар Е.Күдербаев және Ф.Камалов, Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі Д.Альсеитов, облыстық әділет департаментінің әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот қаулыларын орындау бөлімінің басшысы А.Илиясов пен бірқатар мемлекеттік сот орындаушылар және облыстық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары  К.Тұнғышбаев қатысты.

ШҚО Самар ауылында «Медиация кабинеті» ашылды

07/04/2016

Самар ауылының кітапханасында Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралиновтың, кәсібиемес медиатор Н.Шалованың, адвокат Т.Бозақановтың, Самар полиция бөлімінің басшысының орынбасары М.Байжуминовтың, жергілікті  полиция бастығы Т.Калиевтың, нотариус Р.Хайруллинің, мемлекеттік сот орындаушысы А.Редькинаның, кеңсе мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты түрде «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Алаяқтық жасаған Зырян ауданының тұрғынына қатысты үкім заңды күшіне енді

07/04/2016

Сот үкімімен А.Черкашин ҚК 190-бабы, 2-бөлігі, 2- тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 64-бабы, 5-бөлігіне  негізінде, Зырян аудандық сотының 09.07.2015 жылғы үкімімен тағайындалған шартты түрде сотталған жазасы бұзылды.

Өскемен қалалық соты жұмыс берушіден еңбек ақы өндірді

07/04/2016

Өскемен қалалық сотына  азаматша В,  ЖШС-нен  еңбек ақысын өндіру және жинақтаушы зейнетақы қорына міндеттелген төлемді аударуды міндеттеу жайлы талап арызбен жүгінді.

Сотта істі қарау барысында, жауапкердің еңбек ақысына қатысты  берген анықтамасына сай талап толығымен расталды.

Сот  шешімімен жұмысберушіден талапкердің  пайдасына  еңбек ақысы  бойынша 616 922 теңге қарыз, оған қоса азамат В-ның біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ЖЗЕ-не 295 451 теңге зейнетақы төлемін аудару міндеттелді.

Үржар ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы сот төрелігін атқарудағы жұмыстары бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

07/04/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы  сот төрелігін атқарудағы жұмыстары бойынша  баспасөз мәслихаты өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы К.Қонкаев, судьялар, кеңсе қызметкерлері, жергілікті «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі қатысты.

Іс медиаторлық келісімі негізінде қысқартылды

07/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қайшы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған И.Мартыновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, И.Мартынов өз пәтерінде ішімдік ішкен күйінде отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айьып, қорлағандығы анықталды.

ШҚО-да «ҰК ӘКҚК «Ертіс» АҚ басқармасының төрағасы пара алғаны үшін сотталды

07/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-тің 366-бабы, 2-бөлігі бойынша  (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпа