Архив событий

11/04/2016

Абай аудандық сотында «Тергеу судьясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында төрағаның м.а. Р. Омаровтың ұйымдастыруымен прокуратура, ішкі істер бөлімі, көшi-қон және ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен  «Тергеу судьясы»  тақырыбы  дөңгелек үстел өткізілді.

Тарбағатай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

11/04/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігі бойынша азамат  Б.Бимадиевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Б.Бимадиев ішімдік ішкен масаң күйінде жұбайына сыйламаушылық көрсетіп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған. Бұрын Б.Бимадиев отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін екі мәрте әкімшілік жазаға тартылған.

Медиация тәртібімен әкімшілік іс қысқартылды

11/04/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы,  1-бөлігімен  азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалындарынан, азамат М. ішімдік ішкен масаң күйінде азаматтық некеде бірге тұрып жатқан азаматша К-мен сөзге келіспей, оның ар-намысына тиетін сөздермен  балағаттап, отбасының тыныштығын бұзған.

Семейдің ювеналды сотында ата - аналардың дауы медиация тәртібімен реттелді

11/04/2016

ШҚО №2 қәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  алименттің  мөлшерін азайту туралы  талап  арыз  бойынша азаматтық істі қарады.

Алдан ала сот отырысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша құқықтары түсіндіргеннен кейін, тараптар аталған құқықтарын қолдануға шешім қабылдап,  медиация рәсімін өткізуді, істі қарап жатқан судья жүргізуге өтініш білдірді.

Татуластыру рәсімі барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге келді.

Ұлан аудандық сотында партисипативтік рәсім тәртібінде азаматтық іс қаралды

11/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық сотында адвокаттардың қатысуымен  материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс бойынша партисипативтік рәсім тәртібінде келісім бекітілді.

Талапкерлер Д.Ноғайбаев, Г.Ноғайбаева  жауапкер  А.Мұхамедияроваға жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген 150 000 теңге материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы сотқа талап арызымен жүгінген.

Семейдің ювеналды сотында «Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына орналастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына төраға Р.Ақпар, судьялар Р.Байжуманова, С.Азмағанбетова, Семей қаласындағы Ішкі істер басқармасының, қорғаншы және қамқоршылық органының,  балалардың құқығын қорғау комиссияның өкілдері  қатысты.

ҚР Мемлекеттiк шекарасын өткізу пункттерінен тысқары жерден заңсыз кесіп өткендігі үшін сотталды

11/04/2016

Бородулиха  аудандық  соты  ҚК-тің 392-бабы, 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа тапсырылған азамат  А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Катонқарағай аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды

11/04/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігімен көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ф.Қыдыроваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс-құжаттарынан, Ф.Қыдырова 2016 жылы 1 сәуірде қоғамдық орында, яғни азық-түлік дүкенінде азаматша А-мен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтқан.

Сот мәжілісінде азамат Ф.Қыдырова өзінің  кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінетіндігін білдірді.

Глубокое аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді

11/04/2016

Көктем мерзімінің басталуына байланысты, Глубокое аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді.

Сот ұжымы сотқа тиесілі аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізді. Ұжым керекті құралдармен көшеттерді қалыпына келтіріп,  ауланы қоқыстардан тазартты, сонымен қатар, жақтауларды ағартып, соттың  барлық аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік және басқа да шараларды жүргізу ұжымды біріктіріп, әріптестерді басқа жағынан тануға мүмкіндік береді.