Архив событий

18/04/2016

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген

18/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық соты Қылмыстық Кодекстің 106-бабы, 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша А.Тишкинаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, А.Тишкина алкогольдік масаң күйінде жәбірленушінің пәтеріне келіп, одан су және спирттік ішімдік алу үшін ақша сұраған,  жәбірленуші оны пәтерден шығармақ болып итермелеген, алайда А.Тишкина күштеп ішке енеді,  сол кезде сотталушы  пышағымен жәбірленушінің денесіне бір рет соққы жасағандығы анықталды.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

18/04/2016

Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  191-бабының, 2-бөлігімен,  293-бабының,1- бөлігімен  (жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру; Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) туралы қылмыстық іс қаралды.

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу»

18/04/2016

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»  деген болатын. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс.

«Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/04/2016

Үржар аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына, Үржар аудандық пробация бөлімінің, Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудан Әкімі аппаратының,  ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы және Үржар АІІБ-нің қызметкерлері қатысты.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында бітімгершілік келісім бекітілді

18/04/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында «Багратион-2»  шаруа қожалығының азамат Д-ға қызметтік тұрғын үйден шығару туралы талап   арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азамат Д., 2008 жылдың ақпанның 1-нен бастап «Багратион-2»  шаруа қожалығында жүргізуші болып жұмыс атқарған. Алайда, жұмыс тәртібін бұзу себептерінен азамат Д., 2015 жылы 28 қарашасында жұмыстан босатылған. Осыған байланысты талапкер, соттан   жауапкердің үйді босатуы туралы талап арызын қанағаттандыруды сұраған.

Ұлан аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

18/04/2016

Ұлан аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек сүтел жұмысына тергеу судьясы А.Нұрғазин, бас маман Р.Чамакаев, адвокат А.Шотанова, Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің заңгері м.м. Н.Оралбек, Ұлан ауданының учаскелік инспекторлары А.Қуанышбаева және Н.Бақболатұлы, «Жемчужина»жеке пәтер иелері  корпоротивінің өкілі А.Ануарбеков, аудандық әкімшіліктің өкілі А.Амангелді, «Ұлан таңы» газетінің тілшісі Э.Ахметова қатысты.

Сот пәтерді сату шартын заңсыз деп таныды

18/04/2016

Өскемен қалалық сотына азамат Т. пәтерден  шығару туралы талап арызымен жүгінді,  талап – арызында сатып алу шарты бойынша жауапкер тұрып жатқан пәтердің  меншік иесі болып табылатынын көрсеткен.

Жауапкер арыздың талаптарымен келіспей сотқа  сату-сатып алу мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде қарсы талаппен сотқа жүгінген, себебі мәміле формальды түрде жасалғанын, яғни ешқандай қаражатты  сатып алушыдан алмағаны жайлы  айтып көрсеткен.

Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған

18/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 379-бабының 1-бөлігіне сәйкес (билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау)  қылмысты жасаған А.Морозовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

А.Морозов өзінің автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған, автокөлікті полиция қызметкерлері тоқтатып, оған медициналық куәландыруға баруды айтқанда қарсылығын білдіріп, билік өкілінің заңды талабына бағынбаған.

Зырян аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

18/04/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 665-бабы, 2-бөлігі бойынша (прокурордың заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен қойған талаптарды орындамау) әкімшілік істі қарады.

Денсаулыққа зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды

18/04/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Д.Назыров автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы бағытта кележаткан автокөлікпен қақтығыс жасап,  автокөліктің салонында  отырған жолаушылардың  денсаулығына сот медициналық сараптамасы қорытындысына сәйкес, жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

18/04/2016

Глубокое аудындық сотында ҚР ӘҚБтК  596-бабы, 3-бөлігі  (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е.Зияданға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта, Е.Зиядан Өскемен –Шемонайха тасжолының 8 шақырымында «басып озуға тиым салынған» белгісіне бағынбай, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, алдағы автокөлікті басып озып жол жүру ережелерін өрескел бұзғандығы анықталды.

Тарбағатай аудандық сотында сенбілік өткізілді

18/04/2016

Қазақстанның барлық жерінде тазалық науқаны өтуде, Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылындағы барлық мекеме қызметкерлері далаға шығып, ғимаратты және оның маңайындағы аумаққа тазарту жұмыстарын жүргізді.

Тарбағатай аудандық соты да шетте қалған жоқ. Сенбі күні, көктемгі-жазғы мезгілге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мен санитарлық тазарту мақсатында сот ғимаратының айналасына тазарту іс-шараларын белсенді жүргізіліп, сенбілік өткізілді.

Гендерлік теңдікті іске асыру туралы дөңгелек үстел өткізілді

18/04/2016

Глубокое аудандық соты гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру  мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органының, ішкі саясат бөлімінің, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Іс шара барысында әйелдерді жұмыспен қамту жөніндегі статистика келтіріліп, олардың еңбек нарқының қай саласында көбірек қажет екені, әйелдерге қатысты жасалған қылмыстық және әкімшілік істердің саны жөнінде де айтылды.

Алаяқтық жасағаны үшін сотталды

18/04/2016

Глубокое аудандық соты ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлігі (1997 жылғы 16 шілдедегі редакция) бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасаған азамат Д.Свечниковке қатысты  қылмыстық істі қарады.

Тазалық науқаны өткізілді

18/04/2016

Қазақстанның барлық жерінде тазалық науқаны өтуде, барлық мекеме қызметкерлері далаға шығып, ғимаратты және оның маңайындағы аумаққа тазарту жұмыстарын жүргізуде. ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты да шетте қалған жоқ.

Сенбі күні, 16 сәуір, сот ұжымы дәстүрлі сенбілікке қатысты. Бәрінің күшімен ғимарат маңындағы аумағы мен жол жиегі қоқыстардан тазартылды.

Сенбілікте сот ұжымы белсенділік танытты. Жалпы қалалық талазық пен тәртіп науқаны ұйымшылдықпен және ынтамен өтті.

 

ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сенбілік өткізілді

18/04/2016

Шығыс қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сенбілік өткізілді. Оған сот мамандары қатысты. Олар сот аумағын тазалады. Ағаштарды ақтап, сыпырып, қоқысты шығарды.

Сенбілікке қатысушылардың барлығы бірдей жұмыла іске кірісіп, әр біреуі қаланың көркеюіне өз үлестерін қосты. Қаламыздағы  барлық ұйымдардың, мекемелердің ұжымдары "Тазалық науқанын" қолдап, өлкемізге тазаларту жұмыстарын жүргізуде өз үлестерін қосуға сенбілікке шығатындары қуантады.

 

Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының «Жер қатынастары бөлімі» ММ жерге орналастыру және жер қатынастарының ауылдық округтары бойынша секторының меңгерушісі сотталды

18/04/2016

Семей қаласы №2 сотында Семей қаласының «Жер қатынастары бөлімі» ММ жерге орналастыру және жер қатынастарының ауылдық округтары бойынша секторының меңгерушісі А.Ищановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы сенбілік шарасын өткізді

18/04/2016

Көктем шығып, күннің жылынуымен алты ай қыста ақ қардың астында жасырынып жатқан түрлі тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар әшкереленіп, қала көшелерінің ажарын адамкөргісіз етуде. Осыған орай, ағымдағы жылдың 16 сәуірі күні Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сотының ұжымы дәстүрлі сенбілік шарасын өткізді.

Сот төрағасының жетекшілігімен жүргізілген сенбілікте сот ғимаратының айналасы қоқыстан түгел тазартылып, ағаштардың артық бұтақтары қалыпқа келтірілді және жол жиегіндегі қоқыстар тазаланды.

Зырян ауданының №2 сотында сенбілік өткізілді

18/04/2016

Көктемнің келуіне байланысты санитарлық ахуалды ұстану мақсатында Зырян аудандық №2 сотының судьялары мен  мамандары   бірлесе отырып, сенбілікке шығып сот ғимаратының аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Судьялар мен мамандар аймақты қоқыстан тазалап, жол жиектерін ағартып, жаңадан  бірнеше ағаш көшеттерін отырғызды.

Зырян ауданының №2 аудандық

сотының баспасөз қызметі

Жарма ауданының №2 аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді

18/04/2016

Күн жылынып көктем мерзімінің басталуына байланысты, Жарма ауданының №2 аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді.

Сот ұжымы сотқа тиесілі аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізді. Ұжым керекті құралдармен көшеттерді қалпына келтіріп,  ауланы қоқыстардан тазарттып шығарды, сонымен қатар,  тоғайларды, жақтауларды ағартып, соттың  барлық аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

 Жарма ауданының №2

сотының баспасөз қызметі 

ШҚО Күршім аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

18/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы 1-бөлігіне (террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің не иеленушісінің не басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы) сәйкес  әкімшілік жауапкершілікке тартылған  С.Рахимовқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары

18/04/2016

Аягөз аудандық сотында азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабымен (жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) Р.Сағидоллинға қатысты айыптау туралы әкімшілік іс қаралды.