Архив событий

21/04/2016

ШҚО экономикалық сотында қарыз сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібінде реттелді

21/04/2016

Жеке кәсіпкер Б.Калиекперова жеке кәсіпкер Т.Урконевадан 1 722 465 теңге сомасында  азық-түлік құнын, 17 255 теңге мемлекеттік бажды төлеуге, 30 000 теңге көлеміндегі іс бойынша өкілдің қызметін төлеуге, 2 333 теңге сомасында сенім хатты нотариалдық растауға кеткен шығындарды өндіріп алу туралы талап арызбен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Сот талқылауы барысында дауды медиация тәртібінде реттеу, сондай-ақ, төрағалық етуші судья-медиатордың қатысуымен аталған мәселені қарау туралы арыз түсті.

Сот атқару өндірісі бойынша борышкердің құқықтарын қалпына келтірді

21/04/2016

Өскемен қалалық сотына азамат Е  сот орындаушысының заңсыз   іс-әрекетіне шағымданды, өзінің талабында сот орындаушысының заңсыз   іс-әрекетінің салдарынан  оған тиесілі пәтердің 4/1 бөлігі мөлшерінде меншік құқығын жоғалтқандығын көрсеткен. Сот орындаушысы заңды бұза отырып, оған тиесілі мүлкін сату үшін рұқсат бермей оның үлесін басқа меншік иелеріне заңсыз беріп жіберген. Соттан аталған іс әрекеттерді заңсыз деп танып, пәтердің 4/1 бөлігі мөлшерінде үлесін беру жөніндегі қаулының күшін жоюды сұрады.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын қайталап басқарғаны үшін сотталды

21/04/2016

Глубокое аудандық сотында Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша А.Құсаиновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта А.Құсаиновтың екі жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Кейін, аталған құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін, ӘҚБтК 467-бабы, 4-бөлігі бойынша 20 тәулікке қамауға алынған.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

21/04/2016

Семей қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша азамат А.Бельскийға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта, азамат А.Бельский өз үйінде  бола тұра әйелін соққыға жыққан,  А.Бельский әйеліне араша түскен қонақтың басына және денесіне  жарақаттар келтірген.

Сот талқылауы барысына дейін  тараптар татуласып, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартты.

Сот қаулысымен А.Бельскийға қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуларына байланысты   қысқартылды.

Заңды маңызы бар факті анықталды

21/04/2016

Қазақстан Республикасына Қытай Халық Республикасынан көшіп келген азамат С-ның құжатында тек оның аты ғана жазылған, яғни әкесінің аты мен тегі жазылмаған. Сондықтан ол ұзақ уақыт ешқандай жерге жұмысқа орналаса алмаған және жеке тіркеу номерін де ала алмаған. Сондықтан азамат С.,   құжаттарына түзетулер енгізіп, заңды маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен  Өскемен қалалық сотына жүгінді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Медиация тәртібімен қысқартылған істер» тақырыбына дөңгелек үстел өтті

21/04/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Медиация тәртібімен қысқартылған істер» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. 

Іс шараға кәсіби емес медиаторлар, Катонқарағай заң консультациясының өкілдері  мен  «Арай-Луч» газетінің өкілдері қатысты.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

21/04/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Ж.Үмбетжанов пен А.Нұрмұханбетовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында сотталғандардың 2014-2016 жылдары аралығында Тарбағатай ауданында  жеке адамдардың меншік малдарын ұрлап әкетіп,  басқа бір таныс адамның мал қорасына қамап, сол үйдің ауласында сойып, бас пайдасына асырып отырғандары анықталды.

Сотта медиация тәртібінде келісім жасалды

21/04/2016

Катонқарағай аудандық сотына талапкер М.Шакирова азамат Н.Ақановадан 100 000 теңге қарызды және сот шығындарын өндіру туралы талап-арызбен жүгінді.

Істі қарау барысында, тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін бекіту туралы өтінішпен жүгінген.

Сот дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндірді. Тараптар медиация тәртібінде келісімге келуге байланысты, медиация тәртібімен реттеу туралы ұйғарым шығарды.

Еңбек дауы бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

21/04/2016

Глубокое аудандық соты  А.Синельниковтың О.Усоваға залалды өтеу туралы талап арызы жөніндегі азаматтық іс бойынша, талапкердің өкілі мен жауапкердің арасында бітімгершілік келісім бекітілді.

Сотта істі қарау барысында тараптар бітімгершілік келісімге келді. Келісімге  сәйкес, жауапкер талапкерге кем болып шыққан сомма 391 438 теңгені белгіленген мерзімде төлеуге міндеттелді.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

Сот шешімін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

21/04/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында мемлекеттік сот орындаушысымен қозғалған ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот шешімін орындамаған) Д.Оразовқа және К.Акімжановқа қатысты екі әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, сот шешімімен К.Акімжановтан А.Федосовтың пайдасына 101 000 теңге өндірілгендігі анықталды. Алайда,  сот шешімі орындалмаған, шешімнің орындалуын елемей, тұрақты жұмысқа орналаспай, қарызды қайтару үшін ешқандай шара қолданбаған.

ШҚО экономикалық сотында 2016 жылдың 1-тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

21/04/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Мой город» тілшісі Р.Кудиновтың қатысуымен 2016 жылдың 1-тоқсанындағы сот жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Маскүнемдіктен мәжібүрлі түрде емдеуге жолданды

21/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты азамат Ю. Шматовы маскүнемдіктен мәжібүрлі түрде емдеуге жолдады.

Ю.Шматовтың  ішімдік ішу салдарынан психикалық және мінез-құлыққының ауытқуына ұшырайтындығы туралы сарапшының қорытындысы және Белоусовка әкімі орынбасарының талап-өтінімі  осындай шешім қабылдауға негіз болған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

Баспасөз қызметі