Архив событий

19/04/2016

Өскемен қалалық сотында «Қазақстан халқының бірлігі күні» аясында дөңгелек үстел өткізілді

19/04/2016

Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл татулық пен достықта тұратын барлық этностардың әлемнің басты және берік іргетасы болып табылады.  Қазақстан Халқының Ассамблеясы біздің көп ұлтты халқымыздың мәңгі бірлігін сақтаушы болып табылады. Ол қазақстандықтардың сана-сезімінің ұлы жалпы құндылықтарды – бірлік, тұрақтылық, толеранттық, жалпыға бірдей еңбек, патриоттылықты айқындайды.

Катонқарағай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

19/04/2016

Катонқарағай аудандық сотында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған, яғни осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін азамат Д.Раисовқа  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісі барысында, Д.Раисов алкогольдік масаң күйінде автокөлігін басқарып келе жатқанда полиция қызметкерлерімен ұсталғандығы анықталды.

Сот шешiмiн орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/04/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат С.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, Тарбағатай аудандық сотының атқару парағы бойынша борышкер С-дан мемлекет пайдасына 135 963 теңге баж алымы өндірілген, алайда борышкердің сот шешімін орындамағаны анықталды.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот өндірісі барысында бітімгершілік рәсімін, оның ішінде медиация рәсімін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

19/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот өндірісі барысында бітімгершілік рәсімін, оның ішінде медиация рәсімін қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Марихуананы сақтағаны үшін сотталды

19/04/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігімен (сiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау ) Ю.Климовқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

19/04/2016

Курчатов қалалық сотында азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 187-бабының 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) В. Егоровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, азамат В. Егоров өзінің пәтерінде танысымен бірге спирттік ішімдіктер ішкен. В. Егоров жәбірленушінің ұялы телефонын жасырын ұрлап алып, 3 000 теңге материалдық шығын келтірген.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кіріс, шығыс, ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі бойынша талдау жасау» тақырыбында сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

19/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кіріс, шығыс, ішкі құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі бойынша талдау жасау» тақырыбында сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді.

Жетекші маман А.Алижанова мемлекеттік тілді дамыту үшін іс жүргізудегі барлық құжаттардың мемелкеттік тілде жүргізілуі тиіс екендігін атап айтты.

Семинар барысында нақты методикалық және іс жүзіндегі шығыс және кіріс құжаттарының рәсімделуі жөнінде нұсқаулықтар берілді.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

19/04/2016

Жарма ауданының  №2 аудандық соты ӘҚБК-нің 434-бабы, 1 –бөлігі (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда   ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша  азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Экономикалық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

19/04/2016

Сот жүйесінің білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасау заңгерлерді дайындауға, оқу үрдісінің тәжірибелік құрамдас бөлігін, олардың құқықтық қолданыс тәжірибесімен байланысын күшейтуге, студенттердің кәсіби ептіліктері мен дағдыларын, құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының осындай қағидаларының бірі Шығыс Қазақстандық заң колледжі студенттері үшін «Ашық есік күнін» өткізу болып табылады.

Глубокое аудандық сотында «Ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істерді қараудағы ерекшеліктер» тақырыбында брифинг өткізілді

19/04/2016

Глубокое аудандық соты бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істерді қараудағы ерекшеліктер» тақырыбында брифинг өткізді.

Глубокое аудандық сотының судьясы А.Болатова аталған санаттағы азаматтық істердің саны мен қаралу сапасын 2015 жылмен салыстырмалы түрде ақпараттарды атап өтті, нәтижесінде айтарлықтай артқанын қатысушылардың назарына ұсынды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/04/2016

Ұлан аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) айыптау туралы азамат Д.Мылтықбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта азамат Д.Мылтықбаевтың алкогольдік ішімдік ішкен күйінде, жұбайына  балағат сөздер айтып, жанжал шығарғандығы анықталды.

Әкімшілік қамаққа алынды

19/04/2016

Курчатов қалалық сотында азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) И. Терёхинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық жұмыстарға тартылды

19/04/2016

Үржар ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау) бойынша  қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс қарау барысында, сотталушы Д. полиция инспекторларын, яғни  билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде балағаттап, қорлаған.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/04/2016

Тарбағатай аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша азаматша Ғ.Қасымжановаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Ғ.Қасымжанова өзінің тұрғын үйінде қонаққа келген танысының иелігіндегі ұялы телефонын, екі дана флешкасын және үш мың теңге ақшасын  жасырын ұрлағандығы анықталды. Ғ.Қасымжанова өзінің заңсыз әрекетімен жәбірленушіге 12 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды

19/04/2016

Бородулиха аудандық соты Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-тармағының, 2-тармақшасы бойынша (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасқан сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуы немесе талан-таражға салуы) сотқа берілген З.Файзулинаға қатысты қылмыстық істі қарады.