Архив событий

29/04/2016

Құрметті шығысқазақстандықтар! Ардақты ағайын!

29/04/2016

Сіздерді  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының, ынтымағы мен бірлігінің, зор ілтипатының жарқын белгісі іспеттес.

Егемендігіміздің 25 жылдығына құтты қадам басқан Тәуелсіз Қазақстанымыз көп ұлтты халқымыздың жарасымды ауызбірішілігінің арқасында қарыштап даму үстінде.

Жарма ауданында медиаторлармен кездесу өткізілді

29/04/2016

Қалбатау ауылдық округінің ғимаратында Жарма аудандық сотының судьялары «Медиация туралы»  заңының қолданылуы жөнінде кәсіби емес медиаторлар, қорғаушылар, Жарма аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, Қалбатау ауылдық округінің мамандарының қатысуларымен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында кәсіби емес медиаторлар заңнаманы жүзеге асыруға қатысты  сұрақтарды талқылады. Сонымен қатар, медиаторлар татуластыру рәсімін жүргізу барысында туындатын мәселелерімен бөлісті.

Ресей Федерациясының азаматшасы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

29/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Ресей Федерациясының азама

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

29/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық соты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққақарсы әрекеттер) бойынша азамат В.Крукқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысының барысында, В.Крук  өз үйінде бірге тұратын зайыбына ар намысына тиетін балапыт сөздер айтып, тыныштығын бұзғаны анықталды.

ШҚО экономикалық соты Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттерімен кездесу өткізді

29/04/2016

Сот жүйесінің білім беру орындарымен бірлесе жұмыс жасауы заңгерлерді дайындауға, оқу үрдісінің тәжірибелік құрамдас бөлігін, олардың құқықтық қолданыс тәжірибесі мен байланысын күшейтуге, студенттердің кәсіби ептіліктері мен дағдыларын, құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының осындай қағидаларының бірі сот пен  Қазақстан Американдық еркін университетінің бірлесе жұмыстар атқару мәселесі бойынша білім беру орнының ғимаратында кездесу өткізу  болып табылады.

Семинар сабақтары өткізілді

29/04/2016

Аягөз аудандық сотының судьясы Б. Оразбек, Аягөз ауданының прокуратурасының прокуроры А. Тортаев, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Аягөз қаласының жалпы білім беретін №3 орта мектебінің және Аягөз қаласының қөп салалы қазақ мектеп гимназиясының оқушыларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбиесі туралы», «Кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарының және заңды өкілдерінің әкімшілік жауапкершілігі»  семинар сабақтары өтізілді.

Жеке айыптауға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

29/04/2016

Зырян аудандық соты  Қылмыстық Кодекстің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіру) қарастырылған құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған С.Жұбановқа қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сотта С.Жұбанов жәбірленуші Г.Жабановтың денсаулығына жеңіл зиян әкелген қасақана дене жарақатын келтіргені аңықталды.

Кәсібі емес медиатор Ж.Ксебаеваның жүргізген жұмысының нәтіжесінде, жеке айыптаушы сотталушымен бітімгершілік келісім бекітті.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы

29/04/2016

Конституциялық негізде құрылған құқықтық тәуелсіз мемлекет үшін сапалы заңдардың маңызы өте зор. Сапалы заңдардың терең стратегиялық маңызы бар. Осыған орай «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын» мемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміз үшін маңызды құжат қабылдады.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік қамауға алынды

29/04/2016

Зырян аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң   күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша О.Назароваға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот жауапкерді электр қондырғысын қолжетімді етуге міндеттеді

29/04/2016

Семей қалалық соты «ШҚО аймақтық энергетикалық компания» АҚ-ның А.Есмұратованы электр қондырғысын қолжетімді етуге міндеттеуді жүктеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талапкер талап арызында, жауапкер тұрып жатқан пәтерде пайдаланылған электр энергиясы үшін 67 764 теңге берешектің анықталғандығын, ШҚ АЭК жұмысшыларының пәтерді жарықтан ажыратуылары үшін  А.Есмұратованың бас тартқандығы салдарынан талапкердің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіргендігін айтқан.

«Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

29/04/2016

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында «Заңды маңыз бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға еңбек, әлеуметтік қорғау Департаменті халықтың көші-қон комитеті бөлімінің басшысы М.Чукубаев және адвокат Т.Бозақанов қатысты.

Әкімшілік қамаққа алынды

29/04/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының, 4-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) азамат  П.Логуновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, П.Логунов қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартыла тұра, тағы да қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және имандылықты қорлайтын масаң күйде келіп айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Медиаторлық келісім негізінде әкімшілік іс қысқартылды

29/04/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Елфимовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, А.Елфимов өз отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын азаматшаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлағандығы анықталды.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиативті келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.