Архив событий

28/04/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Л.И.Менщикованы 85-жас мерейтойымен құттықтады

28/04/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Б.Шарнаева, Ғ.Алипанова Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың және судьялар қауымдастығы атынан Леся Ивановна Менщикованы 85-жас мерейтойымен  арнайы барып құттықтады.

Леса Ивановна Менщикова өзінің өмірлік жолдасы, Ұлы Отан соғысының және сот жүйесінің ардагері В.Менщиковпен бірге ұзақ ғұмыр кешіп, Ұлы Жеңіс қарсаңында өзінің 85-жас мерейтойын атап өтуде.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/04/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігі (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама  жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен  айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)  жүзеге асыру ) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  азамат Н.Нұрғазин салық  органында  тіркелмей, қандайда  бір  рұқсат қағаз  алмай жеке көлігімен жолаушы  тасымалдап, кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны анықталды.

Жұбайын балағаттағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

28/04/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  азамат Б-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 73-бабы, 1-бөлігі,  яғни  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан, азамат Б  өзінің үйінде,  алкогольдік масаң күйінде, өзара сөзге келіспеушілік салдарынан өзінің жолдасына қатысты балағат сөздер айтып қорлаған. Осылайша, өзінің іс әрекеттерімен ҚР ӘҚБК-нің 73-бабы, 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

28/04/2016

Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) азамат А.Томашевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, азамат А.Томашев  жәбірленушіге тиесілі ақша қаражатын жасырын түрде ұрлағандығы анықталды. А.Томашев өзінің әрекеттері арқылы жәбірленушіге 6000 теңге материалдық шығын келтірген.

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы ауылдық округтерде халықпен кездесулер өткізді

28/04/2016

Соттың  іс-шаралар жоспары аясында Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Жансейітұлы Күршім ауданының Қалжыр, Боран ауылдық округтерінде халықпен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында сот төрағасы жиналған халыққа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамашылығымен сот жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар жайлы және аудандық соттың 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жайлы ақпарат берді.

Семей қаласының № 2 сотында семинар сабағы өткізілді

28/04/2016

Семей қаласының № 2 сотында «Қылмыстық істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының біліктілігін арттыру курстарының тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағына төраға Д.Бұлғынбаевтың төрағалық етуімен судьялар қатысты.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

28/04/2016

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасымен сот судьялары мен мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының негізгі принциптері мен міндеттері талқыланып, әр қызметкерге жеткізілді.

Өскемен қаласының №2 сотының маманы отбасымен «Ағаш отырғыз» республикалық акциясына қатысты

28/04/2016

Бүгін Өскеменде  «Нұрлы Бастау» қоғамдық қоры  және облыстық қорық – мұражайының бастамасымен «Ағаш отырғыз» республикалық акциясы өтті. Акция аясында 200-ден астам қарағай, шырша, қайың көшектері отырғызылды. Атаулы шараға  Өскемен қаласының №2 сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы Г.Жанұзакова отбасымен бірге белсенді үлес қосты.

ШҚО Глубокое ауданының Достық үйінде «Медиация келісім мен тұрақтылық құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/04/2016

Глубокое аудандық соты Глубокое ауданының Достық үйінде  «Медиация келісім мен тұрақтылық құралы»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Б.Касенов, аудан әкімі К. Байгонусов, ауылдық окургтардың әкімдері, прокурордың аға көмекшісі Ф. Шаяхметова, кәсіби медиатор Т.Танекенова, жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Хаджи-Мұрат, ауданның кәсіби емес медиаторлары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам және ақсақалдар кеңесінің төрағалары қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" тақырыбында дәріс өткізілді

28/04/2016

Қазіргі кезде қоғамдық өмірде және елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресу -  бұл сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықпен күресудің ең бір ықпалды  әдістерінің бірі. 

Өскемен қаласының №2 сотында апта сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы арналған іс шаралар өткізілуде.

Судья У.Даутова  Казақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің «Заңтану» факультетінің 2015 жылғы түлектеріне «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында дәріс өткізді.

Сотталған азаматқа тыйым салынған затты бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды

28/04/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481-бабының 1-бөлігі (қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде,   арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға  тыйым    салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру ) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  азаматша Г.Чинтемирова  Семей қаласындағы ОВ-156/14 мекемесінде сотталушыға  тыйым салынған зат, яғни 300 АҚШ доллары көлемінде ақша беруге әрекеттенгендігі анықталды.   

Өскемен қаласының №2 сотында сот отырысына қатысушылары арасында әлеуметтік сауалнама өткізу жалғасуда

28/04/2016

Өскемен қаласының  №2 соты сот жүйесінің беделін арттыру, соттардың қызметін ұйымдастыру деңгейін, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру, заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерді мен құқықтарын қорғау, Шығыс Қазақстан облысының сот жүйесіне азаматтардың сенімін нығайту мақсатында әлеуметтік сауалнамалар өткізу жалғастыруда.

Бүгін сауалнамаға қылмыстық іс бойынша тараптар, яғни қорғаушылар (адвокаттар), жәбірленушілер және куәгерлер қатысты.

Тергеу судьясы қысқартылған қылмыстық істердің өндірісі бойынша іс жүргізу шығындарын өндірді

28/04/2016

Іс жүргізу шығындарын өндіру  ҚІЖК 178-бабының негізінде жүзеге асырылады. Процессуалдық шығындарды өндіруді тергеу судьясы белгілі бір қылмыстық істен сотқа дейін толық шешім қабылданғанан кейін прокурордың ұсынысының негізінде қарайды.  Процессуалдық шығындар күдіктіден, айыптыдан, сотталғаннан өндіріледі, немесе мемлекет есебіне қабылданады.

Қазақстан Республикасың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/04/2016

Үржар аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабы, 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша азаматтық іс қаралды.

Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

28/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін құқық бұзушы И-ге қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта құқық бұзушы И-дың алкогольдік масаң күйде өз жұбайымен ұрыс шығарып, оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Сот талқылауы барысында жәбірленушінің құқық бұзушымен татуласқанына байланысты істі қысқарту туралы жазбаша қолдаухат тапсырды.

Зайсан ауданында «Медиация кабинеті» ашылды

28/04/2016

 «Зайсан қаласы  әкімдігі»  ММ-де салтанатты түрде «Медиация кабинетінің» ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға Зайсан аудандық сотының судьялары Г.Нұртазинова, Ш.Оспанова кәсіби емес медиаторлар Ш.Аштанов, М.Қабылов, Қ.Чикенов Зайсан қаласының  әкімі  Д.Тожыбаев, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  және аудан  халқы қатысты.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық соты жалпы кәсіптік орта білім жүйесінде іштей оқу нысаны бойынша оқығанына байланысты 25 АЕК көлеміндегі нақты ақша сомасындағы алиментті өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Істі сотта талқылауға дайындау барысында тараптар соттан өздерінің медиативтік келісімін бекітуді сұрады. Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Бородулиха аудандық сотының

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пікірталас алаңы өткізілді

28/04/2016

Еуропалық Одақтың қолдауымен БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар Қоры Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірге жүзеге асырған «Балалар сот төрелігі жүйесін нығайту және олардың құқығын қорғау» бағдарламасы төңірегінде, Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық жауапкершіліктің баламасы: заңмен қақтығыста болған балаларды әлеуметтік оңалту бағдарламасы.Дивергенция.» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

28/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК 102-бабы, 106-бабы 1-бөлігімен қарастырылған (қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру; денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмысты жасағаны үшін  айыпталған Т.Дусюповқа қатысты қылмыстық іс қаралды.