Архив событий

25/04/2016

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/04/2016

«Дау мұраты бітім» - деп даналарымыз бекер айтпаса керек. Оның тарихи тағылымы тереңде. Бұл тиімді әдіс азаматтық, әкімшілік және кейбір  ауыр емес қылмыстарға қатысты  істерді  шешу барысында уақыт өте келе өз жемісін беруде.

 Соның бірі бүгін Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотында азаматша А-ға қатысты   Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 1-ші бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

ШҚО Достық үйінде «Қазақстан Республикасының Азаматтық –процестік заңнамасындағы өзгерістер аясында медиацияның даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/04/2016

Шығыс қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Боранбаева  Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Қазақстан Республикасының Азаматтық – процестік заңнамасындағы өзгерістер аясында медиацияның даму перспективалары»    тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Медиатор тараптарды татуластырды

25/04/2016

Зайсан аудандық сотында талапкер А-ның жауапкер М-дан 50 000 теңге қарызы мен сот шығынын өндіру туралы талап арызы  туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде  өтініш ұсынды.

Сот дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндірді. Тараптардың медиация тәртібінде келісімге келулеріне байланысты, медиация тәртібімен реттеу туралы ұйғарым шығарылды.

«Үміт» балалар үйінде «Наурыз мейрамына» арналған шара өткізілді

25/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С. Тұтқанбаева «Үміт» балалар үйіне «Наурыз мейрамына» арналған концертке  шақырылды.

Ювеналды сотының судьясы С.Тұтқанбаева балаларды «Наурыз мейрамымен» құттықтап, оларға аспандарының ашық болуын, бақытты балалалық шақ тіледі, сонымен қатар осындай үлкен концертке шақырғанына алғысын білдірді.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

25/04/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚбтК-нің 461-бабы бойынша  (қорғау нұсқамасын бұзу) ІІБ шығарған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады. 

Сот отырысында, шығарылған қорғау нұсқамасымен тыйым салынғанға қарамастан азамат К., қорғау нұсқамасын бұзып заңға қарсы әрекет жасаған яғги анасын балағаттап балапыт сөздер айтқаны анықталды.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

25/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа берілген А.Захаркинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді рәсімдеуге қатысты және айғақ құжаттар туралы семинар сабақ өткізілді

25/04/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі  істерді рәсімдеу айғақ құжаттарды жинауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша семинар өткізілді.

Өткізілген семинар сабаққа Риддер қаласының мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотында «Мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдануы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

25/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында іс-шаралар жоспарына сәйкес,  мамандар арасында «Мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдануы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Өскемен қаласының №2 сотының маманы Қ.Байтемірова баяндама оқыды.

Бородулиха аудандық сотының 2016 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысы қорытындыланды

25/04/2016

Бородулиха аудандық сотында «Бородулиха аудандық сотының 2016 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысының қорытындысы» бойынша баспасөз конференциясы өткізілді. Оған аудандық «Аудан тынысы – Пульс района» газетінің журналистері, ішкі істер органдарының, Мемлекеттік кірістер басқармасының, прокуратураның, Әділет басқармасының, Халық банктің өкілдері, сот орындаушылар, адвокаттар қатысты.

Бородулиха аудандық сотының төрағасы Д.Жексекенов баспасөз конференциясын ашып, соттың 2016 жылдың 1 тоқсанындағы қызметі туралы жан-жақты айттып өтті.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталды

25/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігі 1- тармағы (екі немесе одан көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру)  бойынша соттқа берілген В.Вяткинаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

25/04/2016

Глубокое аудандық сотында  ҚК 345-бабы, 1-бөлігі ( көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан)  бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін К.Шереметьевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алаяқтық әрекет жасағаны үшін сотталды

25/04/2016

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 177-бабының «б» тармағы бойынша (алаяқтық, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін алдау арқылы ұрлау жасау) сотқа берілген Ж.Смайловқа қатысты қылмыстық іс қаралды,

Ерлі-зайыптылар сотта татуласты

25/04/2016

Семей қалалық соты  некені бұзу туралы арыз бойынша азаматтық істі қарады.

Сот  отырысында, тараптардың заңды некеде және сол некеден ортақ кәмелетке толмаған екі балалары бар екендігі анықталды. Мінездерінің келіспеуіне байланысты, жанұяда үнемі ұрыс жан-жал болғандықтан   талапкер некені бұзу жөнінде талап арызбен  сотқа жүгінген.

Қатонқарағай аудандық сотында сенбілік өткізілді

25/04/2016

Катонқарағай аудандық сотының қызметкерлері жалпыхалықтық сенбілікке қатыстысып, сот ғимаратының ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, мамандар сот ғимараты аумағын сыпырып, жапырақ пен қоқыстардан тазартып, қалдық заттарды шығарумен айналысты.

Әрбір адам айналадағы ортаны жақсарта түсуге, туған өлкемізді көгалдандырып, барынша таза ұстауға қолынан келгенше үлесін қосуы тиіс. Әділдікті ту еткен сот билігі сенбілікке қашан да зор ынтамен қатысып, Үлкен Нарын ауылының жылдан-жылға көркейіп келуіне үлесін қосып келеді.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

25/04/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) Д.Қабдоллаевқа қатысты әкімшілік іс  қаралды.