Архив событий

08/04/2016

Мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыпұл және несие сомасын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

08/04/2016

Зырян аудандық сотында «Ертiс» әлеуметтiк - кәсiпкерлiк корпорациясы»  Ұлттық компаниясы АҚ-ның «Прок» кредиттік серіктестігі» және оның 34 құрылтайшыларынан  несиені  мақсатсыз пайдаланғаны үшін несие сомасын, сыйақыны және айыппұл сомасын өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды.
Сотта жауапкерлер  «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» аясында 78 380 000 теңге несие  алғандығы, алайда несие беру туралы келісім-шарттың талаптарын бұзғандығы анықталды.

ШҚО экономикалық сотында «Прокуратураның заңды тұлғаны тарату туралы талап арыздарын қарау кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Прокуратураның заңды тұлғаны тарату туралы талап арыздарын қарау кезінде туындайтын мәселелер»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Лицензиялық алымды төлемеген

08/04/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 282-бабы, 9-бөлігімен (ҚР этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу, бұзушылықтарды лияцензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзім ішінде жоймау) қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған жеке кәсіпкер  М.Медведевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Семейдің ювеналды сотында «Ашық есік күні» өткізілді

08/04/2016

Семей қаласындағы Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар мен судья С.Азмағанбетова жастардың құқықтық мәдениетін, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар болдырмауды  алдын-алу, олардың құқықтық сауаттылығын жоғарлату мақсатында  Семей қаласындағы  мектептердің оқушылармен кездесіп, оларға «Ашық есік күнін» өткізді.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды

08/04/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 434-бабы, 3-бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша әкімшілік істі қарады.

Бірінші сатыдағы сот үкімі заңды күшіне енді

08/04/2016

Өскемен қаласының  №2 сотының үкімімен А.Орлов ҚК–нің 346-бабы, 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы)  қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып,  59 460 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.     

Зырян ауданының №2 сотында тараптардың татуласуларына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

08/04/2016

Зырян ауданының №2 сотында ҚК-тің 68-бабы, 1-бөлігі (үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау) бойынша В.Филиповаға қатысты қылмыстық іс қаралды.   

Аягөз аудандық сотында «Сотта өкілдік ету» тақырыбында семинар өтті

08/04/2016

Аягөз аудандық сотында «Сотта өкілдік ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинарға Аягөз аудандық сотының судьсы К.Халелова және Аягөз қаласының адвокаттары қатысты.

Семинар барысында азаматтық іс жүргізу барысында адвокаттар тарапынан туындаған сұрақтар талқыланды.

Келтірілген зиян медиативтік келісім бойынша өтелді

08/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты талапкер мен жауапкер арасында медиация тәртібінде  жасалған келісімді бекітті.

Сот талапкерге тиесілі жауапкердің автокөлігін айдап кетіп, оны бұзуы салдарынан талапкерге зиян келтіргендігін анықтады.

Келісімнің шарттары бойынша жауапкер талапкерге келтірілген зиянның сомасы мен 680 580 теңге сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

                           

Мүлікті медиативтік келісім бойынша бойынша бөлу

08/04/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дауды медиация тәртібінде реттеді.

Судья А.Касенованың жүргізген медиацияның нәтижесінде пәтер талапкердің меншігінде қалып, жауапкерге оның үлесінің өтемақысы ретінде 550 000 теңге төленеді, ал автокөлік жауапкердің меншігіне берілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

                            

Глубокое аудандық соты

Күршім аудандық сотында азаматтық іс қаралды

08/04/2016

Күршім аудандық соты «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Талшын+Б» Несиелік серіктестігі» ЖШС А.Ариновқа қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта, микроқаржылық ұйымдарды болашақта несиелендіру үшін конкурстық қорытындыға сәйкес, талапкер мен жауапкердің арасында 1 500 000 теңге несие беру туралы келісім шарт жасалғандығы анықталды.

Сот жауапкерді дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары мен міндеттемелерін орындауға міндеттеді

08/04/2016

Семей қалалық соты Н.Рахметуллинаның жауапкер С.Исабековке  қатысты дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары мен міндеттемелерін орындауға міндеттеу арқылы 32 000 000 теңге көлеміндегі берешекті өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Бесқарағай аудандық сотында«ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

08/04/2016

Бесқарағай аудандық сотында  «ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Күршім №2 аудандық сотында «Тіл – достық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/04/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Тіл – достық кепілі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Марқакөл өңірі бойынша мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен сот мамандары қатысты.