Кінәні мойындау, процестік келісім және оны жасау тәртібі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық іс жүргізу Кодексінде қарастырылған процестік келісім жасау  институты қылмыстық  іс жүргізу заңнамасының маңызды әрі тиімді жаңашылдығы болып табылады. Процестік келісім прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы арасындағы қылмыстық процестің кез келген сатысында немесе сотталғандарға Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тәртібі мен негіздері бойынша  жасалады.

Сот отырысы кезінде  прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы  ғана қатысады. Процестік істі қарау қарсылық білдірулерді және өтінішхаттарды, келісім, кінәні мойындау туралы рұқсаттан басталады. Төрағалық етуші мемлекеттік айыптаушыны тыңдап, сотталушыдан  оған процестік келісімнің мәні түсінікті екендігін және онымен келісетіндігін анықтайды.Төрағалық етуші процессуалдық келісімнен кейін сотталушыдан жаза қолданылған жағдайда ерікті түрде мүлікті тәркілеуге қатысты сот актісін қандай мерзім ішінде орындай алатындығын, оның отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды. Сонымен қатар, сотталушыға сотқа қосымша хабарлауларды айтуға  құқығы бар екендігі түсіндіріледі.Төрағалық етуші сотталушыны тыңдап болған соң кеңесу бөлмесіне кетеді.

Зырян ауданының №2 аудандық соты судьясының төрағалық етуімен процесстік келісім бойынша үкім шығарылды, процестік келісім жасаған кезде, сондай-ақ сот отырысы кезінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, процестік келісіммен келісті.

Сот үкімімен П. ҚК-тің 293-бабы,  2-бөлігі, 4-тармағымен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян ауданының №2 аудандық

сотының баспасөз қызметі