Жеке айыптауға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 108-бабы бойынша (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) Т.Шишкинаның шағымы бойынша  Н.Шишкинге қатысты қозғалған жеке айыптау тәртібінде қылмыстық  іс қаралды.

Сотта сотталушы Н.Шишкин жәбірленуші Т.Шишкинаның денсаулығына жеңіл зиян әкелген қасақана дене жарақатын келтіргені анықталды.

Сот талқылауында, кәсіби медиатордың қатысуымен медиативтік келісімді бекітулеріне байланысты, жәбірленушіден және сотталушыдан қылмыстық істі қысқарту туралы арыз түсті.

ҚК-нің 68-бабының, 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Соттың қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі